Бензин құю бекеттерінің баға жөнінде келісім жасасқан иелері жазаланатын болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

Қазақстанда үстемдік жағдайын теріс пайдаланған және баға жөнінде келісім жасасқан, сонымен қатар жосықсыз бәсеке жасаған жанармай құю бекеттеріне айыппұл салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда үстемдік жағдайын теріс пайдаланған және баға жөнінде келісім жасасқан, сонымен қатар жосықсыз бәсеке жасаған жанармай құю бекеттеріне айыппұл салынатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет басшысы Серік Жұманғарин өңірлерде АИ-92/93 маркалы бензин бағасын негізсіз көтермеуге және отынға қолдан жасалған тапшылық жағдайына жол бермеуді тапсырды. "Кәсіпкерлерге АИ-92/93 маркалы бензинге бағаны өздігінен анықтауға берілген мүмкіндікті ескере отырып, монополияға қарсы ведомствоның өңірлік бөлімшелері монополияға қарсы заңнаманың сақталуын қатаң түрде бақылауға алу керек. Мұнда мәселе бірінші кезекте жанармай құю бекет иелерінің нарықтағы жекелеп сатудағы өздерінің үстемдік жағдайын теріс пайдаланбауы болып отыр", - деп атап өтті Жұманғарин.   

Еске сала кетейік, бүгін баспасөз мәслихаты кезінде бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметінің елдің отын нарығындағы тапшылықты болдырмау мақсатында АИ-92 маркалы жанар-жағар май
бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдағанын хабарлады. Өз кезегінде энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ 92/93 бинзинінің литрі 140-150 теңгеге дейін жетуі мүмкін екендігін болжады. 

Артынша Астанадағы кейбір жанармай бекеттері бензин бағасын 18-22 теңгеге қымбаттатып жіберді. Алайда бірнеше минуттан кейін баға көрсеткіштері қайта қалпына келтірілді. Ал Алматыда жанармай бағасы көтерілген жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 533.33  course up  619.98  course up  6.8  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer