20 тамыз 2019 10:37

Бердібек Сапарбаев жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Бердібек Сапарбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Осыған дейін Бердібек Сапарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған еді.

"Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Ол 1953 жылы Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бесарық ауылында туған.

Еңбек жолын Қызылорда облысының Задария кеңшарында жұмысшысы болып бастады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары республикалық басқармасында экономист, Қазақ КСР-і Қаржы министрлігінде экономист болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары болды, ҚР Президенті аппаратында және Министрлер кабинетінде жұмыс істеді. 

1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі, 1999-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды.

ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, қаржы вице-министрі - ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2002-2006), ҚР Премьер-министр кеңсесі жетекшісінің орынбасары - ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкіметтің өкілі (2006-2007), ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі қызметтерін атқарды. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети