Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.

Бұл қызметте болған Айдос Үкібайдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы қызметінен босатылғаны айтылады.

Құрманғали Берік Уәлиұлы 1977 жылғы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы-редактор мамандығы бойынша аяқтаған, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика магистрі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы "Таң" телерадиокомпаниясының "Алматы жаңалықтары" ақпараттық бағдарламасының репортері, шығарушы редакторы, "Апта айнасы" бағдарламасының жүргізушісі қызметтерінен бастаған. 1998-1999 жылдары НТК телеарнасының "Жаңалықтар" ақпараттық бағдарламасының редакторы, шығарушы редакторы болып қызмет етті.

"Нұр Медиа" ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі, 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, 2015-2016 жылдары "Нұр Отан" партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі, 2016-2018 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған. Бүгінге дейін ол Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer