29 қаңтар 2021 11:06

Бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалды - Шпекбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © Тұрар Қазанғапов Фото © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бес вице-министрге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шпекбаевтың айтуынша, 2020 жылға түрлі дәрежедегі 210 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"722 адам сотталды, оның ішінде бір облыс әкімі, төрт облыс әкімінің орынбасары, екі жауапты хатшы, екі комитет төрағасы, бір елші, бес судья, 10 аудан әкімі мен олардың орынбасары бар. Бес вице-министрге, бес комитет төрағасы мен олардың орынбасарына, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдардың бес топ-менеджеріне қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр", - деді Шпекбаев алқа отырысында

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының мәліметінше, өткен жылы 25 аса ауыр және 1368 ауыр қылмыстың, сондай-ақ жүйелі сыбайлас жемқорлықтың 112 фактісінің жолы кесілді. Сотта Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша төрт іс қаралады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети