04 ақпан 2022 17:59

Биллклинтон Осипов Алматыдағы оқиғалар туралы: "Өмірімдегі соңғы түн деп ойладым"

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

Полиция қызметкері Биллклинтон Осипов Алматыдағы қайғылы оқиғаны еске алып, тәртіпсіздіктер кезінде қаланы қорғау тәртіп сақшыларына қаншалықты қиын әрі қорқынышты болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Полиция қызметкері Биллклинтон Осипов Алматыдағы қайғылы оқиғаны еске алып, тәртіпсіздіктер кезінде қаланы қорғау тәртіп сақшыларына қаншалықты қиын әрі қорқынышты болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есімі ерекше жас лейтенант қасіретті қаңтар оқиғасы жадында мәңгілік сақталатынын айтады.

"Біз алаңға келдік, өзімізбен бірге оқ өтпейтін жилеттерді, дулығаларды, қалқандарды, таяқтарды алдық. Адамдар ағылып келіп жатты. Шынымды айтсам, болған оқиғаның бәрі қорқынышты болды. Адамдар бәрін лақтырып, қиратып, өртеп тастады. Оқиғалар таңғы алтыға дейін жалғасты. Біз қаламызды қорғауға тырыстық, адамдарды тыныштыққа шақырдық. Шынымды айтсам, ол түн менің өмірімдегі соңғы түн болады деп ойладым. Ол күн мәңгі есімде қалады. Мені Алла құтқарған сияқты", - деп бөлісті ол.

Биллклинтон Осипов сол түнде соңына дейін бірге болған әріптестеріне алғыс айтты. 

"Қиыншылық алдында бәріміз тең болдық, мыңдаған адамның өмірі, сүйікті қаламыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы өзімізге байланысты екенін білдік. Кейбір әріптестерім жарақат алды. Барлығын сөзбен айту қиын", - деді полицей.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети