14 маусым 2024 | 11:51

Бишімбаев ісі бойынша аппеляция қанша уақытқа созылуы мүмкін?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым қанша уақытқа дейін қаралуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер Рахметуллинадан "алқабилер алқасының үкімінен кейін апелляциялық шағым беруге бола ма", деп сұрады.

"Иә, әрине. Алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімге тараптар шағымдана алады. Ол үшін апелляциялық саты бар. Егер олар (сотталғандар - еск.) келіспесе, әрине, олар шағымдануға құқылы", - деді сот алқасының төрағасы.

Рахметуллинаның айтуынша, апелляция бір ай ішінде қаралады.

"Ол ұзартылуы мүмкін, бірақ бұл апелляциялық органдар қарауға үлгермей жатқан жағдайларда. Мысалы, адвокаттар белгілі бір күндері қатыса алады және т.б. Заң бойынша сотталғандардың апелляциялық сатыдағы сотқа қатысуы сот тергеуі қайтадан жүргізілген кезде міндетті болып табылады. Яғни, кейбір қосымша дәлелдемелерді зерттегенде. Басқа жағдайларда сотталушының қатысу қажеттілігі бар-жоғын апелляциялық орган өзі шешеді", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer