13 наурыз 2019 09:07

Бишімбаев Шымкенттегі колонияда жұмыс істеуден бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі колонияда жұмыс істеуден бас тартты. Бұл туралы түзету мекемесінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Экс-министр Қуандық Бишімбаев Шымкенттегі колонияда жұмыс істеуден бас тартты. Бұл туралы түзету мекемесінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Осыған дейін шенеунік жазасын Леңгер қаласында қауіпсіздік деңгейі максимал колонияда өтеген болатын. Телеарнаның мәліметінше, сотталушының жазасын өтеп жатқан қазіргі мекемедегі жағдайы басқалардан өзгеше емес. Ол ортақ колонияда, одан бөлек онда біраз сотталушы жазасын өтеп жүр. Бірақ журналистердің келгенін естіген Бишімбаев камерадан бас тартты.

"Бүгінде ол жазасын № 2 жасақта басқа да сотталушылармен өтеп жатыр. Ешқандай артық жағдай жасалған жоқ. Барлығына ортақ негізде өмір сүріп жатыр. Жұмыс істеуге ниет білдірген жоқ", - деді Шымкенттегі түзету мекемесінің басшысы Бағдат Асылбеков.

Адвокат Бишімбаевтың неліктен қоныс колониясына ауыстыруды сұрағанын түсіндіріп берді

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 15 ақпанда Шымкентке ауыстырылған болатын. "Қуандық Бишімбаев осы жылдың 15 ақпанында Шымкенттегі қауіпсіздік деңгейі орташа 167/3 мекемесіне ауыстырылды", - делінген еді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің редакция жолдаған сауалға берген жауабында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети