10 қаңтар 2018 | 13:43

Бишімбаев сотта табысы жайлы мәліметті ашып айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен жемқорлық қылмысына қатысы бар 22 фигурантқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен жемқорлық қылмысына қатысы бар 22 фигурантқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сотталушы Қуандық Бишімбаев осымен үшінші күн сот алдында жауап беріп жатыр.

Сот барысында экс-министр өзінің соңғы 7 жылдағы табысы мен шығыны жайлы айтты.

"Маған өзімнің табысым жайлы мәліметтерді жариялауға рұқсат беріңіз. Және маған 120 мың доллар бере алдым ба, жоқ па сол сұраққа жауап беруге рұқсат беріңіз", - деді Бишімбаев судьяға.

Сотталушы қылмыстық іс материалдарында осы мәліметтердің көрсетілгенін айтып өтті.

"Онда менің банктердегі есепшоттарымның бар екені айтылады. 2010-2017 жылдар аралығында шотқа 273 миллион 638 мың 328 теңге түскен. Бұл соманы ескі бағам бойынша санасақ, шамамен екі миллион доллар. Осы уақыт аралығындағы шығын көлемі - 262 миллион теңге. Олардың 95 миллион теңгесі депозитке аударылды. 42 миллион теңге қолма-қол шешілген. Сондықтан менің коттедж құрылысына 120 мың доллар ақша аударғаным мүмкін емес. Ақшаларға қатысты мәлімет мына жерде де көрсетілген", - деді Қуандық Бишімбаев.

Ал кеше, 9 қаңтарда өткен сот отырысында сотталушы Қуандық Бишімбаевқа арналып салынып жатыр делінген Қосшыдағы үй мен "Prяник" мейрамханасының кімге тиесілі екені жайлы толық айтып берген болатын.

Мұның алдында экс-министр Мемлекет басшысынан кешірім сұраған еді. "Президенттің алдында кінәлі екеніміді білемін. Мен танитын адамдар, мен өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және тағы басқалар маған нұқсан келтірді, мен олар үшін Мемлекет басшысы алдында жауаптымын. Осы жағдай үшін және Президенттің сенімін ақтай алмағаным үшін ұяламын. Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Менің сеніміме кіріп, мені тек қолданған адамдарды өзіме жақындаттым. Мемлекет басшысынан кешіріп сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын", - деген еді Бишімбаев.

Сондай-ақ, осыған дейін сотта Бишімбаевтың әйелі де сөз сөйлеген еді. "(...) ҚР ҚПК-ның 120-бабының 1-тарауын назарға алып, журналистік тергеу ресми құжат ретінде мойындалу керек. Ал 125-бап бойынша қылмыстық істі шешу үшін дәлелерді бағалау қатыстылық, дәлелділік тұсынан бағалану керек. Осыған байланысты зауыт құрылысы туралы мақалаларды іске қосуыңызды сұраймын", - деген еді Бишімбаевтың әйелі сот залында. 

2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети