16 мамыр 2018 14:23

Бишімбаев, Төлешов, Дүтбаев және Тоқмәди жазасын қайда өтеп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz коллажы Tengrinews.kz коллажы

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) өкілдері бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен бизнесмен Тоқтар Төлешовтің жазасын қайда өтеп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) өкілдері бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен бизнесмен Тоқтар Төлешовтің жазасын қайда өтеп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

"Қазіргі таңда қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес Бишімбаев Астана қаласы бойынша ҚАЖД-ның қауіпсіздігі аралас мекемесінде және Төлешов Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-ның қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде", - делінген ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Tengrinews.kz сауалына берген жауабында. 

Сонымен қатар, ведомство өкілдері ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаев және бизнесмен Мұратхан Тоқмәди қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде белгіленбегенін атап өтті. 

Сотталғандарға кімдер келетіні туралы сұраққа жауап ретінде ҚАЖК өкілдері ҚР Конституциясының 12-бабының 1-тарауы бойынша әрбір адам жеке және отбасы құпиясына, ар-ожданын қорғауға құқылы екенін айтты. 

"Сонымен қатар, ҚР Қылмыстық-түзету кодексінің 32-бабы бойынша сотталғандарды видеоға, фотоға, киноға түсіру, олардан сұхбат алу, соның ішінде аудио және видеотехника арқылы тек олардың келісімі арқылы жүреді. Әңгімелесу кезінде аталған сотталғандар өздері туралы ақпараттың БАҚбетінде жариялануына қарсы екендерін жазбаша түрде қуаттады", - деп ата өтті комитет өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети