Бишімбаевқа қатысты шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Қуандық Бишімбаев пен осы істегі басқа фигуранттардың апелляциялық шағымын қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл процесс сотталушылардың қатысуынсыз өтті.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астананың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған Қуандық Бишімбаев пен осы істегі басқа фигуранттардың апелляциялық шағымын қарап шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл процесс сотталушылардың қатысуынсыз өтті.

"Бишімбаевқа қатысты апелляциялық шағым қанағаттандырылмады", - деп хабарлады сот алқасының төрайымы Алма Есімова.

Апелляциялық үкімді шығарған соң сот төрайымы шешімін түсіндіріп берді.

"Сот алқасы барлық дәлелдерді зерттей отырып, бірауыздан сотталушылардың барлығының кінәсі бар деген шешімге келді. Дәлелдер мен болжамдарды барлығы заңды және негізі бар. Олардың барлығы апелляциялық үкімде көрсетілген. Барлық эпизод бойынша, сонлай-ақ, Бишімбаевтің алдын ала келісімге келіп, пара алғаны жайлы расталды. Исабектен пара алғаны, шыны зауытынан ақша жымқырды деген айыптар да дәлелденді", - деді алқа сотының төрайымы Алма Есімова.

Биыл 14 наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған болатын. "10 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметтерде басшы лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтесін, сондай-ақ, мүлкі тәркіленсін", - деп оқыған еді үкімді судья Әділхан Шайхисламов.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.

"Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517  course down  587.02  course down  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro