25 қазан 2016 11:07

Бишімбаев өнеркәсіптің жоғарғы өсімі тіркелген өңірлерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында биылғы жылдың 9 айындағы ҚР экономика салаларының ағымдағы жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында биылғы жылдың 9 айындағы ҚР экономика салаларының ағымдағы жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Министр ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстанда құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік саласы мен өңдеуші өнеркәсіп салаларында оң серпіннің байқалғандығы туралы хабарлады. Сондай-ақ, азық-түлік, тоқыма бұйымдары мен фармацевтика өнімдерінің өндірісі өсті.

Ол сонымен қатар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өнеркәсіп өсімінің жоғарғы қарқыны байқалатындығын айтып өтті.

"Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өндірісін 7,0%-ға ұлғайту есебінен шамамен 5%-ды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерін шығару 2,5%-ға өсті. 11 қазандағы жағдай бойынша 15,2 ц/га өнімділіктен 23,2 млн тонна астық бастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 ц/га-ға жоғары көрсеткіш. Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысын ұлғайту есебінен 6,9%-ға артты. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда облыстары мен Астана қаласындағы тұрғын үйлерді өткізудің айтарлықтай ұлғайған қарқыны есебінен 13,6%-ға өсті", - деп мәлімдеді министр.

Министр биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша елдегі ЖІӨ өсімі туралы айтты.

"Алдын ала бағалау бойынша, 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы ЖІӨ өсімі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4% құрады. Тауарлар өндірісі - 0,2%, қызметтер - 0,4% артты. Биылғы жылғы мамыр айынан бастап 6 негізгі саланың даму динамикасын қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор біртіндеп жақсара бастады", - деп хабарлады министр.

Оның айтуынша, биылғы жылдың басынан бері инфляциялық үрдістердің баяулауы аясында ҚР ҰБ базалық мөлшерлемені ақпан айында 17%-дан қазан айының басында 12,5%-ға дейін біртіндеп төмендетті.

"Негізгі капиталға инвестициялар өсімі 4,1% артты, бұл өсім "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және ИИДМБ аясында индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуы арқылы қамтамасыз етілген. 2016 жылдың 6 айында Қазақстан экономикасына шетелдік инвестициялар көлемі артып, 5,7 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы деңгейден 4,4 есе артық", - деді министр. 

Ол салалар бойынша инвестициялардың айтарлықтай өсімі ауыл шаруашылығында, сауда-саттықта, өңдеу өнеркәсібінде, сонымен қатар қаржылық және сақтандыру қызметінде байқалып отырғанын атап өтті. 

Сондай-ақ, ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында өңірлерді дамытудың проблемалық мәселелеріне тоқталды.

"Жергілікті атқарушы органдар 64 проблемалық мәселе енгізді, оның ішінде 27 мәселе республикалық бюджеттен 222,7 миллиард теңге сомасына қаржыландыруды талап етеді. Проблемалық мәселелердің басым көпшілігі көлік инфрақұрылымы саласына қатысты (78,2 миллиард теңге). Сондай-ақ өңірлер инженерлік инфрақұрылымды (49,2 миллиард теңге), сумен жабдықтауды (38,4 миллиард теңге), өнеркәсіпті дамытуды (34,2 миллиард теңге), қоршаған ортаны қорғау және төтенше жағдайларға қарсы іс-қимылды (11,7 миллиард теңге), білім беруді (9,6 миллиард теңге), денсаулық сақтауды (1,2 миллиард теңге), ветеринарияны (0,2 миллиард теңге) қаржыландыруды сұрайды", - деп хабарлады Бишімбаев.

Көлік инфрақұрылымы бойынша 5 өңір 78,2 миллиард теңге сомасына қаржыландыруды қажет ететін проблемалық мәселелерді енгізді. Алматы облысының әкімдігі ең ірі жобаны (Алматы қаласының 6 көшесін ҮАААЖ-ға кіргізу) ұсынып отыр - ол 59,0 миллиард теңге. Бұл жобаны "ҮАААЖ-ның құрылысы аяқталғаннан кейін қарауды орынды деп есептейміз. Атырау облысының әкімдігі 2016-2018 жылдары 11,3 млрд. теңге сомасына қаржыландыру үшін тағы бір ірі жобаны ("Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз" облыстық жолын жөндеу, 123 шақырым) ұсынып отыр. Батыс Қазақстан облысы облыстық жолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен жыл сайын 7 млрд. теңгеден бөлуді сұрайды. Қызылорда облысы әуежайды жаңғыртуға 0,8 миллиард теңге сұрап отыр", - деп хабарлады министр.

Инженерлік инфрақұрылым бойынша 5 өңір 49,2 миллиард теңге сомасына қаржыландыруды талап ететін жобаларды ұсынып отыр. Ең ірі жобалар - Астана қаласында ІІД-нің жеке құрамын орналастыруға арналған объектілерді салу (21,7 миллиард теңге), Алматы облысы Нұркент жаңа қаласының инженерлік инфрақұрылымын салу (11,3 миллиард теңге), Қызылорда облысының 3 елді мекенінде газ жүргізу - газ бұру құбыржолдарын, АГТС және орамішілік желілерді салу (11,2 миллиард теңге).

Сумен жабдықтау бойынша 2 өңір (Алматы және Батыс Қазақстан облыстары) 38,4 миллиард теңге сомасына 4 жобаны ұсынуда. Бұл - 126,7 мың га суармалы жерлерді айналымға тарту, Алматы облысында су қоймаларын салу және реконструкциялау және Батыс Қазақстан облысының ауылдарын сумен жабдықтау бойынша 27 жоба.

Өнеркәсіп саласында Павлодар облысында 34,2 миллиард теңге сомасына көмірдің циклдық-ағымдық технологиясы бойынша тек бір жоба бар.

Бишімбаев өңірлер жобаларды қаржыландыру үшін қаражат іздестірудің барлық қолда бар мүмкіндіктерін пайдаланбайтынын атап өтті.

"Өңірлердің әкімдіктеріне мектепке дейінгі балалар мекемелерін салу, әуежайларды жаңғырту сияқты жобалар бойынша МЖӘ тетіктері шеңберінде жеке инвестицияларды тарту жұмысын жандандыру қажет деп санаймыз. Жекелеген жобалар бойынша, мысалы өңіраралық, суару жүйелерін салу, әуежайларды жаңғырту бойынша қаражатты халықаралық қаржы ұйымдарының (ХҚҰ) қарыздары есебінен іздестіруді орынды деп есептейміз", - деді министр.

Мұнымен қатар, Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында Қазақстанның 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына тоқталды.

"Алдын ала деректер бойынша 9 айда экономиканың өсу қарқыны қаңтар-тамыз айларындағы 0,3 пайыздан 0,4 пайызға дейін жедел қарқынмен өсті", - деп хабарлады Бишімбаев.

Ол инфляциялық процестердің бәсеңдегенін, валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, бизнестің инвестициялық белсенділігі мен елдің халықаралық резервтері өсіп келе жатқанын, сондай-ақ жұмыссыздықтың төмен деңгейі сақталып отырғанын атап өтті.

"Экономиканың өсуіне құрылыстағы (6,9 пайызға), ауыл шаруашылығындағы (4,9 пайызға), көлік саласындағы (4,0 пайызға) және өңдеу өнеркәсібіндегі (0,6 пайызға) шығарылымның ұлғаюы негізгі үлес қосып отыр", - деп хабарлады министр.

Сонымен бірге, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 4,4 пайызға төмендеу байқалады, бұл мұнай (4,4 пайызға 56,9 миллион тоннаға дейін), көмір (6,4 пайызға 70,2 миллион тоннаға дейін) және темір кенін (14,7 пайызға 26,3 миллион тоннаға дейін) өндірудің қысқаруымен байланысты.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде шығарылымдардың қысқару қарқынының бәсеңдеуі (8 айдың қорытындысы бойынша 4,8 пайыздан 9 айда 4,4 пайызға дейін) жалпы өнеркәсіптің өсу серпінінің жақсаруына әсерін тигізді. Өнеркәсіптегі төмендеу қаңтар-тамыз айларындағы 2,3 пайыздан ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 2,0 пайызға дейін қысқарды.

"Индустриялық бағдарламаның арқасында бүгінгі күні тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі төмендеу өңдеу секторларындағы оң серпінмен орны толып отыр. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңдеу өнеркәсібінің өсуі 0,6 пайызды құрады", - деп атап өтті министр.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірудің 7,0 пайызға ұлғаюы есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсуі 4,9 пайызды құрады. Мал шаруашылығы өнімдерінің шығарылымы 2,5 пайызға өсті.

"Ағымдағы жылы дәнді дақылдардың рекордты өнімі жиналды. Ағымдағы жылғы 24 қазандағы жағдай бойынша гектарына 15,4 центнер өнімділікпен 23,6 млн. тонна астық бастырылды, бұл өткен жылғы деңгейден гектарына 2,4 центнерге (немесе 18,1 пайыз) жоғары", - деп қосты Бишімбаев.

Құрылыс жұмыстарының көлемі тұрғын үй құрылысы мен "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен 6,9 пайызға ұлғайды. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйлерді пайдалануға беру 13,6 пайызға, 7,2 миллион шаршы метрге дейін ұлғайды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға беру 26,0 пайызға (3,4 миллион шаршы метрге дейін) және жеке тұрғын үйлерді пайдалануға беру 4,4 пайызға (3,7 миллион шаршы метрге дейін) өсті. Мемлекет қаражаты есебінен ағымдағы жылғы 9 айда 13,1 пайызға өсумен 617,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Министр инвестициялық белсенділіктің артуы ағымдағы жылы экономикалық өсудің оң қарқынын ұстап тұруға ықпал етіп, болашақта экономиканың орнықты өсуінің негізін қалайды деп атап өтті.

"Ағымдағы жылғы 9 айда инвестициялардың көлемі 4,1%-ға 5,1 триллион теңгеге дейін өсті. Өсу "Нұрлы Жол" және "ИИДМБ" бағдарламалары шеңберінде индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға негізделген", - деп атап өтті Бишімбаев.

Өткен жылдың осындай кезеңінде инвестициялардың өсуі 3,5 пайызды құраған болатын. Инвестициялардың айтарлықтай өсуі ауыл шаруашылығында (50,9%-ға, 190,6 млрд. теңгеге дейін), саудада (32,1%-ға, 109,5 млрд. теңгеге дейін) және өңдеу өнеркәсібінде (7,7%-ға, 543,1 млрд. теңгеге дейін), сондай-ақ қаржы қызметінде (6,9%-ға, 44,7 млрд. теңгеге дейін) байқалып отыр.

"Дамушы нарықтарға капитал ағынының жалпы төмендеуіне қарамастан, жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың оң серпінін атап өткен жөн. Шетелдік инвестициялардың таза ағыны есепті кезеңде 5,7 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы нақтыланған деңгейден 4,4 есеге жоғары (1,3 млрд. АҚШ доллары). Тікелей шетелдік инвестициялардың қомақты үлесі жаңа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға бағытталды", - деді Бишімбаев.

Ол елдің сыртқы сауда айналымы ағымдағы жылғы сегіз айда 28,0%-ға 38,4 мрлд. АҚШ долларына дейін қысқарғанын мәлімдеді. Экспорт 23,0 млрд. АҚШ долларын (28,6%-ға төмендеу) және импорт - 15,4 млрд. АҚШ долларын (27,0%-ға төмендеу) құрады.

"Валюта нарығындағы жағдайдың тұрақтануы аясында Ұлттық Банктің алтын-валюта резерві өсуде. Жыл басынан бері алтын-валюта резерві 12,7%-ға, яғни 21,4 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, бұл 2012 жылғы шілдеден бері (32,3 млрд. АҚШ долл.) соңғы 4 жылдағы ең жоғарғы мән болып табылады. Елдің халықаралық резервтері 95,8 млрд. АҚШ долларын құрап, жыл басынан бері 4,8%-ға өсті, оның ішінде Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері - 1,4%-ға өсіп, 64,4 миллиард АҚШ долларын құрады", - деп хабарлады Бишімбаев.

Ол сонымен қатар инфляциялық процестердің бәсеңдеуі байқалып отырғанын атап өтті. Тамыздағыдай айлық инфляция қыркүйекте 0,2%-ға дейін бәсеңдеді. 2016 жылдың басынан бері инфляция 5,6%-ды құрады (2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 2,9%). Инфляцияға 2,1 пайыздық тармақ негізгі үлесті азық-түлік емес тауарлардың 6,8%-ға қымбаттауы қосып отыр.

2016 жылғы қыркүйектегі жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрады. "2016 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсарғанын көрсетіп отыр" - деді министр.

Ол Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмалары ескеріле отырып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Бизнестің және жұмыспен қамтудың жол карталарына түзету жүргізіліп жатқанын айтып өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін "Агробизнес 2020" бағдарламасы негізінде Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде.

Бишімбаевтің айтуынша, жаңа мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту, сервистік-дайындау кооперативтерін құру және суармалы жерлерді айналымға қосу бойынша міндеттер шешілетін болады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети