Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 336.05
EUR / KZT - 394.49
CNY / KZT - 50.63
RUB / KZT - 5.85

Биыл қазақстандық 40 кинотуынды мерейтойын атап өтеді

21 Қаңтар 2014, 13:24
0
"Махаббат туралы поэма" фильмінен үзінді
"Махаббат туралы поэма" фильмінен үзінді
2014 жылы қазақстандық 40-қа жуық кинотуынды өздерінің мерейтойын атап өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Мәселен, атақты режиссер Шәкен Айманов пен Карл Гаккель бірігіп түсірген "Махаббат туралы поэма" фильмінің экранға шыққанына биыл 60 жыл толса, қазақтан шыққан тұңғыш кино режиссерінің жеке өзі түсіріп, өзі басты рөлде ойнаған "Алдар көсе" туындысы экраннан осыдан 50 жыл көрсетілген болатын. Дәл осы фильмдегі басты рөл үшін Ш.Айманов Киевте (1966 ж.) ІІ Бүкілкеңестік кино фестивальінде арнайы дипломға ие болды. Мәжит Бегалиннің Ұлы Отан Соғысы батырларына арналған "Мәншүк туралы жыр" фильміне 45, ал Абдолла Қарсақбаевтың балаларға арналған "Эй вы, ковбои!" туындысына 40 жыл толып отыр.

Асанәлі Әшімов пен Цой Гук Инаның біріккен жобасы "Шоқан" тарихи фильміне 30, режиссер Болат Мансұровтың "Бейбарыс сұлтан" туындысының экраннан көрсетілгеніне 25 жыл болды.

Одан бөлек 2014 жылы 20-дан астам анимациялық фильмдер де өздерінің туған күндерін атап өтеді. Олардың ішінде аниматор Әмен Қайдаровтың "Құйыршық" мультфильміне 45 жыл, ал "Қырық өтірікке" 35 жыл толды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай