07 маусым 2019 18:28

Биыл маусым соңында медициналық қызметкерлердің жалақысы өседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kabar.kg © kabar.kg

2019 жылдың  маусымның соңында денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерінің, яғни, 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30 пайызға өседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2019 жылдың  маусымның соңында денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерінің, яғни, 400 мыңға жуық адамның жалақысы 30 пайызға өседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Денсаулық сақтау саласындағы мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы 1 маусымнан бастап көтеріледі.  Олар: негізгі қызметкерлер - дәрігер, провизор, психолог, фельдшер, акушер, медбике, фармацевт, әлеуметтік қызметкерлер және басқа да мамандар; қосымша қызметкерлер - іс жүргізуші, оператор, хатшы; техникалық қызметкерлер - санитарлар, көлік жүргізуші, аула тазалаушы, қарауыл; әкімшілік қызметкерлер - есепші, программист, кадр бойынша инспекторлар; басқарушы қызметкерлер - басшылар және олардың орынбасарлары, бас есепші.

"Қызметкерлердің жалақысы "Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеме, қазыналық кәсіпорын жұмысшыларына,  азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы" ҚР Үкіметінің  № 1193 қаулысы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, денсаулық сақтау жүйесіндегі "SENIM" салалық кәсіпорны және ҚР Ұлттық денсаулық сақтау палатасы арасындағы  келісім негізінде көтеріледі", - делінген хабарламада. 

Қызметкерлердің жалақысы былай өседі:


Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбекақысы олардың лауазымына, жұмыс өтілі мен квалификациялық категориясына қарай өседі.

Еске салайық, бұл шара Елбасының 2019 жылы 27 ақпандағы "Нұр Отанның" XVIII съездінде берген  тапсырмасы аясында жүзеге асуда. 2019 жылы 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақасы 30 пайызға дейін артуы тиіс еді. Кейін ол Президент Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасымен 2019 жылдың 1 маусымына ауыстырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети