БЖЗҚ қазақстандықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

1 маусымдағы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткендердің талап етілмеген зейнетақы жинағының жалпы сомасы шамамен 37,3 млрд теңгеге жеткен, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

1 маусымдағы жағдай бойынша жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына жеткендердің талап етілмеген зейнетақы жинағының жалпы сомасы шамамен 37,3 млрд теңгеге жеткен, бұл сома 264 695 жеке зейнетақы шотында сақталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БЖЗҚ мәліметтеріне сәйкес:

  • 148 335 адам қайтыс болған, олардың зейнетақы жинағын мұрагерлері талап ете алады;
  • 59 800 адам Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен;
  • 56 560 адам жасына байланысты зейнетақыларын ресімдеу үшін мемлекеттік корпорацияға әлі өтініш бермеген.

Мұндай зейнетақы жинағының жай-күйі қалай болмақ?

Зейнетақы жинағының есебін БЖЗҚ жүргізеді. Талап етілмеген зейнетақы жинағы инвестициялана береді, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында зейнеткердің өзі не олардың мұрагерлері (салымшы қайтыс болған жағдайда) талап еткенге дейін сақталады.

Мұндай зейнетақы жинағын қалай алуға болады?

Зейнет жасына жетуіне байланысты зейнетақы жарналарының міндетті түрлері есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау, сондай-ақ, мемлекеттік бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақы тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) жүгінуі қажет.

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және отандық заңнамаға сәйкес қажет құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар пайдалана алады.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелеріне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген 94 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшері шегінде қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы қаражаты есебінен, бірақ қайтыс болған адамның ЖЗШ-да бар қаражатынан аспайтын мөлшерде жерлеуге біржолғы төлем беріледі.

Сондай-ақ, зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинағы бар адам қайтыс болғаннан кейін 6 ай ішінде оның мұрагерлері қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы түріндегі мұрагерлік мүлікті ресімдеу және мұрагерлік құқығы туралы куәлік алу үшін нотариусқа жүгінуге тиіс. Егер өтініш беру мерзімі өтіп кетсе, мұрагерлік құқығын қалпына келтіру үшін сот органдарына жүгінуі қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.5  course up  615.26  course up  6.76  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer