30 шілде 2018 13:45

"БЖЗҚ" өкілдері Qazkom клиенттеріне үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Казкоммерцбанк" АҚ ағымдағы/карталық шоттарына "БЖЗҚ" АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Бұл туралы қор өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"БЖЗҚ" АҚ "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қосылу арқылы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның ерікті қайта құрылуына байланысты "Қазкоммерцбанк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстарының жүргізілгенін хабарлайды. "Қазкоммерцбанк" АҚ ағымдағы/карталық шоттарына "БЖЗҚ" АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ.

Сонымен бірге "Казкоммерцбанк" АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды.

Толық ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан немесе тегін 88000800059 нөмірі арқылы ала аласыз", - деп түсіндірді "БЖЗҚ" өкілдері.

Еске сала кетейік, мұның алдында 28 шілдеде Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру процесі аяқталғаны хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети