19 наурыз 2021 13:11

БЖЗҚ төлем алуға өтініш бермеген зейнеткерлерді іздеп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін зейнетақы қорына өтініш бермеген адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


БЖЗҚ зейнеткерлік жасқа толған, жасына байланысты зейнетақы төлемдері және бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалған, бірақ зейнетақы жинақтарын төлеу үшін зейнетақы қорына өтініш бермеген адамдарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2018 жылы 11 қазаннан бастап зейнеткерлік жасқа толуға байланысты бірыңғай өтініш беруге болатын "бір терезе" қағидаты бойынша композиттік қызмет енгізілген болатын. Оның аясында зейнеткерлік жасқа толған алушы бірыңғай өтінішпен және құжаттар топтамасымен Мемлекеттік корпорация бөлімшелеріне (яғни ХҚО-ға) жүгінеді.

"Алайда БЖЗҚ ақпараттық жүйелерінде қордан төлемдер жүзеге асырылмаған 200 мыңнан аса шот (200 160) бар. Бұл ретте зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар бюджеттен қаражаттарын алып жатыр. Олардың көпшілігі зейнеткер қатарына 2018 жылдың 11 қазанына дейін қосылған", - делінген хабарламада.

БЖЗҚ салымшылардың деректерін сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізіп, 2021 жылы 1 сәуірден бастап қордан төлем жүзеге асырылатын тұлғалардың тізімін жасақтады. Енді осы санатта бар адамдардың телефон нөмірлеріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша белсенді қызмет көрсету ұсынылған sms-хабарлама жолданады.

Келісім алынғаннан кейін бұл азаматтарға БЖЗҚ-дан төлемдер Мемлекеттік корпорацияға алушылардың жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде ұсынған банк шоттарына жіберіледі.

Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері ай сайын белгіленген кесте бойынша жүзеге асады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети