31 қаңтар 2017 | 12:55

БҚО әкімі 56 миллион теңге тұратын көлікті сатып алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

БҚО әкімі Алтай Күлгіновтің мініп жүрген "қымбат көлігі" жалға алынған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз хатшысы Жарқын Жұмаділовке сілтеме жасап. Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-тарда Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгіновтің 56 миллион теңге тұратын Audi A8 маркалы қызметтік көлікпен жүргені хабарланған еді. 


Иконка комментария блок соц сети

БҚО әкімі Алтай Күлгіновтің мініп жүрген "қымбат көлігі" жалға алынған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі БҚО әкімінің баспасөз хатшысы Жарқын Жұмаділовке сілтеме жасап. Айта кетейік, осыған дейін БАҚ-тарда Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгіновтің 56 миллион теңге тұратын Audi A8 маркалы қызметтік көлікпен жүргені хабарланған еді. 

Жұмаділовтың айтуынша, әкімнің қызметтік көлігі үшін бюджеттен қаржы бөлінбеген. "Әкімнің қызметтік көлігі үшін бюджеттен қаржы бөлінбеді. Яғни, жаңа көлік сатып алынған жоқ. Осы уақытқа дейін болған Mercedes көлігінің жалға алу уақыты 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған болатын. Жаңа жылдан бастап Audi А8 көлігін жалға алынғаны рас. Аренда ай сайын - 50 мың теңге. Егер күмəн болса арнайы сауал жолдауларыңызға болады", - дейді әкімнің баспасөз хатшысы. 

Айтуынша, бұл көлік 2015 жылы шыққан, яғни салоннан алынған су жаңа автомашина емес. "Таратылған ақпаратта осы көліктің ең озық үлгісінің салондағы бағасы көрсетілген. Қайталап айтамын 56 миллион теңге бюджеттен қаржы бөлінген жоқ. Оған да сауал жолдауға болады. Сондықтан, аталған көлік түрінің салондағы бағасын алға тартып, болмаған істі болғандай етіп, ақпаратты бұрмаламауларыңызды сұраймын", - деді ол.

Аймақ басшысының баспасөз қызметі бұл ақпаратты осыған дейін де растаған. Сонымен бірге, қымбат көліктің Қазақстандағы Audi маркасының ресми дилері Mercur Auto компаниясынан алынғаны да мәлімделген. Сол кезде БАҚ тілшілері Алматыдағы Mercur Auto компаниясының ақпараты бойынша, Оралға жеткізілген Audi A8 Long көлігі арнайы тапсырыспен жасалғанын хабарлаған. Атап айтқанда, оның іші сирек ағашпен апталып, қымбат мультимедиялық жүйе орнатылған. Ал артқы орындақтары "капитан креслосы" аталып кеткен қосымша орындықпен жабдықталған. Құны - 56 миллион теңге немесе 169 мың доллар тұрады делінеді.

Сонымен қатар, Орал қаласында Mercur Auto компаниясының ресми дилері болмағандықтан көлік Астрахан немесе Атырауда жөнделетіні айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети