Батыс Қазақстан облысының әкімі 56 миллион тұратын көлікпен жүр

30 Қаңтар 2017, 15:08
3
Батыс Қазақстан облысының әкімі 56 миллион тұратын көлікпен жүр - Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов
Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов
Батыс Қазақстан облысының әкімі 56 миллион тұратын көлікпен жүр - © Drive2
© Drive2

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов 56 миллион теңге тұратын Audi A8 маркалы қызметтік көлік алды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" газеті. 

Басылымның мәліметі бойынша, аймақ басшысының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Сонымен бірге, қымбат көліктің Қазақстандағы Audi маркасының ресми дилері Mercur Auto компаниясынан алынғаны да мәлімделген. Алайда баспасөз қызметінің өкілдері басылымға бірнеше минуттан кейін қоңырау шылап, көліктің жергілікті кәсіпкерлерден жалға алынғанын айтқан.

"Қаражатты үнемдеу үшін көлік жергілікті кәсіпкерлерден жалға алынды. Алтай Сейдірұлы жаңа жылдан бері осы көлікті мініп жүр", - деген облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жарқын Түсіпбеков.

Алайда баспасөз хытшысы кәсіпкердің аты-жөнін атағысы келмеген. Ал көліктің жалға алу құны айына небары 50 мың теңге ғана болатынын айтқан.

Алматыдағы Mercur Auto компаниясының ақпараты бойынша, Оралға жеткізілген Audi A8 Long көлігі арнайы тапсырыспен жасалған. Атап айтқанда, оның іші сирек ағашпен апталып, қымбат мультимедиялық жүйе орнатылған. Ал артқы орындақтары "капитан креслосы" аталып кеткен қосымша орындықпен жабдықталған. Құны - 56 миллион теңге немесе 169 мың доллар тұрады. 

Сонымен қатар, Орал қаласында Mercur Auto компаниясының ресми дилері болмағандықтан көлік Астрахан немесе Атырауда жөнделетін болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай