19 тамыз 2023 11:44

БҚО-да 13 мыңнан асa оқушы 1 сыныпқа барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2023-2024 жаңа оқу жылында Батыс Қазақстан облысында 377 жалпы білім беретін мектептерде 121 мыңнан астам оқушы білім алады. 1 сыныпқа 13006 оқушы қабылданды. Облыста жалпы 32 627 баланы қамтитын 532 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.


2023-2024 жаңа оқу жылында Батыс Қазақстан облысында 377 жалпы білім беретін мектептерде 121 мыңнан астам оқушы білім алады. 1 сыныпқа 13006 оқушы қабылданды. Облыста жалпы 32 627 баланы қамтитын 532 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 34 оқу орнында 68 мамандық, 107 біліктілік бойынша кадрлар даярлайды. 2023-2024 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бойынша 4000 студенті оқыту жоспарланған.

Облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның мәлімдеуінше, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке дейінгі ұйымдарда әлеуметтік табыс-кірісі аз отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тегін ыстық тамақпен қамту үшін бюджеттен 238 миллион теңге бөлінген. Аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету мақсатында "Мектепке жол" республикалық акциясы "Жақсылықты жаса" ұранымен биылдың 1 тамызы-30 қыркүйек аралығында өткізіліп жатыр. Облыс бойынша 2023 жылы жалпы білім беру қорынан аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету (мектеп формасын, оқу құрал жабдықтарын сатып алуға) үшін барлығы 372,6 миллион теңге қарастырылған.

"Бүгінгі таңда 6744 оқушыға жалпы сомасы 224,8 миллион теңгеге ата-аналардың карт-шоттарына аудару арқылы 40 567 теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілді. Оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. 845 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуға 1 млрд. 483 млн (637 767 дана), тасымалдау қызметтеріне 32 миллион тг бөлінді. Облыстың білім беру ұйымдарында 15104 педагог жұмыс істейді, 12731 педагог - жоғары білімді, оның ішінде магистр дәрежесі бар – 478. Облыс бойынша 10245 педагог аттестаттаудан өтті. Қазіргі таңда өңірде 94 мұғалім жетіспейді. Оның ішінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қазақ мектебінде, математика, бастауыш сынып мұғалімі және тәрбиеші орыс тілінде, педагог-психолог, логопед, дефектолог мамандықтары басымдыққа ие. 2023 жылы өңірдің жоғары білімі бар кадрларға қажеттілікті ескере отырып 22 педагогикалық мамандыққа жергілікті қаражат есебінен білім беру гранттары тағайындалды", – деп атап өтті Айгүл Мыңбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети