17 қазан 2022 08:51

БҚО-да 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім оқ жарақатын алып, облыстық ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 4 қазанда Бөкейорда ауданы Ханордасы ауылында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқ жасөспірімнің қарын тұсына тигенін мәлімдеді.

"Қазіргі таңда оның денсаулық жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Санавиациямен облыс орталығына жеткізілді, қасында балалар реаниматологы бар. Қазіргі таңда облыстық көпсалалы ауруханада жатыр. Жағдай тұрақты, дұрысталып келеді",-делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

БҚО Полиция департаменті бұл істі кейінірек түсіндіруге уәде берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети