БҚО-да адамдарды тұрғын үй алуға көмектесемін деп алдаған күдікті әйел ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да адамдарды тұрғын үй алуға көмектесемін деп алдаған күдікті әйел ұсталды Фото: Polisia.kz

БҚО-да ипотекамен тұрғын үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


БҚО-да ипотекамен тұрғын үй алуға көмектесемін деп уәде берген күдікті әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтарды алдап келген 34 жастағы күдікті әйелді ұстады.

"Ол бұған дейін банк саласында жұмыс істеген және тұрғындарға ипотекалық несие рәсімдеуге, тұрғын үй мен автокөлік сатып алуға көмектесемін деп сендіріп, олардың ақшасын иемденген деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдіктіге қатысты алаяқтықтың 12 дерегі анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Келтірілген жалпы материалдық залалдың көлемі 50 миллион теңгеден асады.

ІІМ мәліметінше, жәбірленушілердің басым бөлігі – қаладағы жеке кәсіпкерлер.

"Кейбір жағдайларда күдікті автокөлік сатып алуға жәрдемдесемін деп алдап, азаматтардың қаражатын иемденген. Ең ірі эпизод облыс аудандарының бірінің тұрғынына қатысты: ол ипотека рәсімдеуге көмек көрсетемін деген желеумен күдіктіге 23 миллион теңгеден астам қаражат берген".

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Иконка Tengri health

Валюта бағамы

 522.77  course down  608.62  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети