30 маусым 2020 16:19

БҚО-да аурухана директоры шенеуніктермен соттаспақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Надия Ахметова © mgorod.kz Надия Ахметова © mgorod.kz

Оралда облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен жанжалдасып қалған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова соттаспақ, - деп хабарлайды "Мой город"


Оралда облыстық Денсаулық сақтау басқармасымен жанжалдасып қалған облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова соттаспақ, - деп хабарлайды "Мой город"

Оның сөзінше, Надия Ахметова 29 маусымда денсаулық жағдайына байланысты демалыстан кейін жұмысқа шыққан. Бірақ артынша оның жұмыстан шығып кеткені анықталған. 

"Мен денсаулық жағдайына байланысты демалыстан соң жұмысқа шықтым. Сосын маған бөлім басшысы хабарласып, менің жұмыстан шығарылғанымды айтты. Бірақ мен 24 маусымда облыстық денсаулық сақтау басқармасына бұған дейін жұмыстан шығуға жазған өтінішімді қарастырмауларын сұрап, ресми хат жазғанмын", - дейді ол. 

Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінде 16 маусымда аурухана директоры Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атына өз еркімен қызметінен босату туралы жазбаша өтініш қалдырғанын айтты.

"Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер еңбек шартын өз еркімен бұзса бұл туралы жұмыс берушіге бір ай бұрын ескертуі тиіс. Ахметова өтінішін кері қайтарып алу туралы арыз берген жоқ. 15 маусым мен 28 маусым аралығында еңбекке жарамсыздығына байланысты денсаулық жағдайы боынша демалыста болған. 29 маусымда жұмысқа шыққаннан кейін Надия Ахметовамен еңбек шартын өз еркімен бұзу туралы бұйрық шығарылды", - дейді ведомство өкілдері.

Енді Надия Ахметова сотқа жүгінбек. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети