18 мамыр 2021 19:14

БҚО-да белгісіз біреулер киіктерді тірідей көмген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған Видеодан алынған

БҚО тұрғындары жануарлар өлігін жою кезінде бірнеше киікті тірідей көмген. Экология министрлігі Батыс Қазақстан облысының полициясына жануарларға қатыгездікпен көрсету дерегі бойынша шағымданды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ибраева мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Батыс Қазақстан облысында жануарлар өлігін жою кезінде киіктерді тірідей көму дерегі тіркелді. Жануарлар өлігін жинауды және жоюды Тау ауылдық округі әкімдігі бірнеше учаскеде жүргізілген.

Осы дерек бойынша мұқият тергеу жүргізу үшін ІІД-ге арыз түсіргіміз келеді. Жануарларға қатыгездік көрсетуге жол бергендер жауапқа тартылуы керек", - деді Самал Ибраева Facebook-те.

Министрлік өкілдері мәселені тез арада анықтауды тапсырды.

Айта кетейік, 13 мамырда БҚО Жәнібек ауданы Тау кенті маңынан 372 өлген киік табылған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлардың өліміне аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети