БҚО-да бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды polisia.kz

БҚО-да жедел-іздестіру шаралары барысында бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды. Ол бұған дейін сотты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


БҚО-да жедел-іздестіру шаралары барысында бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды. Ол бұған дейін сотты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы жастар арасында жасалатын қылмыстарды анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысының тұрғынының БҚО тұрғынына қатысты қылмыс жасағаны анықталды.

"Биыл жазда күдікті жәбірленушінің пәтерінде болған кезде, қорқытып, оның iPhone 15 телефонын иемденіп, қызды сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Барлық әрекет күдіктінің бақылауымен жүргізілген. 500 мың теңге көлемінде ақша алған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети