23 сәуір 2021 15:29

БҚО-да мәслихат депутаты коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдағы облыстық көпсалалы ауруханада Катауолла Ашығалиев коронавирустан қайтыс болды. Соңғы үш шақырылымдағы мәслихат депутаты 74 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралдағы облыстық көпсалалы ауруханада Катауолла Ашығалиев коронавирустан қайтыс болды. Соңғы үш шақырылымдағы мәслихат депутаты 74 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері егде жастағы ер адам үш күн бойы үйінде емделгенін айтты. 12 сәуірде депутат емханаға барып, коронавирус инфекциясына ПТР-сынама тапсырған. Сынама оң нәтиже көрсеткен.

"Компьютерлік томография коронавирус белгілері бар пневмония болуы мүмкін, өкпенің өзгеруі болғанын көрсетті. Өкпе 25 пайызға дейін қабынған. 12 сәуірде науқас инфекциялық стационарға жеткізілді. Анамнезінде қант диабеті және гипертония аурулары болды. Нәтижесінде тыныс алу жеткіліксіздігі болған. 23 сәуірде таңертең науқас қайтыс болды", - деді Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. 

Айта кетейік, Катауолла Ашығалиев ірі қара өсіру, құс, өсімдік шаруашылығы және өнімді қайта өңдеумен айналысатын "Акас" ауыл шаруашылығы агрохолдингін басқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети