19 қараша 2021 09:03

БҚО-да мектеп оқушысы 15 жасында босанғанына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото pixabay.com Иллюстрациялық фото pixabay.com

БҚО-да 15 жастағы жасөспірім қыз 17 жастағы жігіттен жүкті болып, сәбиін дүниеге алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.


БҚО-да 15 жастағы жасөспірім қыз 17 жастағы жігіттен жүкті болып, сәбиін дүниеге алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Бұл жаңалық Оралдағы шенеуніктер мен мектеп мұғалімдерін дүрліктірді. Мектеп оқушысымен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын білгенін айтты мектеп әкімшілігі. Олар ең бастысы жас ананы айыптамағанын айтады. Сондай-ақ, жас анаға ата-анасы да қолдау көрсеткен.

"Қазір бәрі білім алу туралы ойлайтын уақыт. Өзің үшін өмір сүру керексің. Босануға кез-келген уақытта үлгересің. Бірақ мен ерте босанғаныма өкінбеймін, менің керемет балам бар. Бұл бәріміз үшін тосын сый болды, барлығы таңғалды", - деп бөлісті жас ана.

Батыс Қазақстанда жыл басынан бері 70-тен астам жасөспірім қыз жүкті болған. Бір жүктілік зорлау салдарынан болған. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл мәлімет нақты емес, бірақ облыстағы ең жас ана небәрі 14 жаста.

Дәрігерлер ерте жаста босанған әйелдерге таңғалмайды. Мамандардың айтуынша, қыз бала 12-14 жаста жүкті болуы мүмкін болғанымен, бала көтеріп, босануы қиын. Түрлі асқынулардың пайда болу қаупі бар.

"Бұл қыздардың жүктілігі биологиялық жүктілікке жатпайды. Дене әлі толық жетілмеген қыздарда ересектер сияқты мүмкіндіктер жоқ екені анық. Сондықтан олар босану кезінде жіті бақылауда болады", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықов.

Сарапшылар бұл мәселені сауатты жыныстық тәрбиесіз шешу мүмкін емес деп санайды. Білім басқармасы мектептер мен колледж студенттеріне контрацепция шаралары туралы білім беретінін айтты. Жасөспірімдермен кездесуге дәрігерлер мен психологтар келеді.

Бұл ретте жасөспірімдердің жүктілігі мәселесі ювеналды полицияның бақылауында. Кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа көндіру деректері жиі тіркеледі. Хабарда айтылғандай, жыл басынан бері сот осындай 18 істі қараған. Оның 14-інде сотталушылар нақты түрме жазасын алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети