08 сәуір 2024 14:12

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан 185 бала сауықтыру лагеріне барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ/көрнекі сурет Фото: ТЖМ/көрнекі сурет

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі халыққа Үндеуінде "Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады" деген еді. Осы тапсырмаға сәйкес, БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары республикалық сауықтыру лагерлерінде демалмақ.


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі халыққа Үндеуінде "Су тасқыны болған аймақтарда бірде-бір адам ескерусіз қалмайды, барлығына мемлекет тарапынан көмек болады" деген еді. Осы тапсырмаға сәйкес, БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балалары республикалық сауықтыру лагерлерінде демалмақ.

"Баланың аты бала ғой. Эвапунктте іштері пысатын еді. Көңілдері сергіп, жақсы демалып қайтады деп ойлаймын. Олар келгенше де мына тасқынның беті қайтып, қалыпты тірлігімізге оралармыз деп сенемін. Бар жағдайымызды жасауға тырысқаны үшін билік өкілдеріне, отандастарымызға өте ризамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!" - деп Жансұлу Төрешова есімді ата-ана алғысын білдірді.

Облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова берген мәліметке сенсек, демалыс орындарына 185 оқушы барады деп жоспарланған. Олар Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Теректі аудандары мен Орал қаласынан. Қазіргі таңда демалыс орнына жолданған баладардың алғашқы легі жолға шықты. Бірінші лекпен аттанған 70 бала 10-24 сәуір аралығында Алматы облысындағы "Тау Жанашар" сауықтыру лагерінде демалады.

Ал 13 бала 10-30 сәуір аралығында Алматы қаласындағы "Бөбек" сауықтыру орталығында демалады. Одан бөлек 102 бала Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы "Камбаш" сауықтыру орталығына жолданды. Ол жақта оқушылар 10 күн демалатын болады, - деді білім басқармасының бөлім басшысы Хажарбибі Искандерова.

"Біздің үй су кіретін болған соң біздерді автобуспен спорт залға жеткізді. Ал, бүгін біздерді Алматыға лагерге жіберіп жатыр. Қасымда эвакуциялық пунктте танысқан достарым да бар. Мен бұрын Алматыда болмаған едім, ол жақтағы демалысымыз жақсы өтеді деген ойдамын. Біздерді Алматы қаласына жіберген аға-апаларға, ата-анама ризамын",- дейді қуанышын жасыра алмаған Ж. Досмұхамедов атындағы МББК оқушысы Оразбек Сырымбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети