18 қаңтар 2023 09:13

БҚО-дағы жұмысшылар наразылығы: компанияға қатысты тексеріс басталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында жұмысшылардың ереуілге шығуына байланысты KKC-Sicim компаниясына қатысты тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында жұмысшылардың ереуілге шығуына байланысты KKC-Sicim компаниясына қатысты тексеріс басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, жалақыларын 50 пайызға көтеруді талап еткен компания қызметкерлері 16 қаңтарда таңертеңгі уақытта ереуілге шыққан болатын. "Мой ГОРОД" мәліметінше, олар жолды жауып тастаған, база аймағына автокөліктерді кіргізбей қойған.

Бірақ компания өкілдері қызметкерлердің жалақысын 50 пайызға көтеру мүмкін емес екенін айтқан.

"Негізгі талап - жалақыны 50 пайызға көтеру. Алдын ала бізде Бөрлі ауданы әкімдігі, еңбек инспекциясы департаменті және KKC-Sicim компаниялары басшылығымен үшжақты комиссия болды. Сол кезде ақпанда жалақыны индексацияға сәйкес 20 пайызға көтеретінімізді айтқан болатынбыз. Оны қызметкерлерге де хабарлаған едік", - дейді жоба менеджері Роза Кагирова.

БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов еңбек даулары жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өзара әрекетіндегі кемшіліктердің нәтижесі екенін айтты. Ол сондай-ақ әрбір жұмыс беруші өз бюджетін инфляцияны ескере отырып индекстеу арқылы алдын ала жоспарлауы керегін атап өтті. Ұжымдық шарттар жасасуға аса назар аудару жөнінде ұсыныстар берілді.

"Біз әрқашан еңбек қатынастарын реттеу бойынша барлық жұмыс постфактум арқылы жүргізіледі деп айтамыз. Кейбір жағдайлардан кейін, жұмысшылардың өтінішінен кейін және тағы басқасы дегендей. Бүгінде еңбек заңнамасы қызметкерлердің де, жұмыс берушілердің де барлық құқығын толық қамтиды. Екі тарапты да өз құқықтарын қорғау шеңберінде белгілі бір шаралар қабылдауға міндеттейтін құжаттар бар", - деді еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Аслан Досжанов.

Кейінірек облыстың еңбек инспекциясы басқармасы компания қызметкерлерінің өтініші бойынша тағайындалған KSS SICIM ЖШС-нің еңбек заңнамасының сақталуына тексеруді бастағаны анықталды.

Еске салайық, 16 қаңтарда БҚО-да қызметкерлер жалақысын көтеруді талап етіп ереуілге шыққаны хабарланған болатын. Қызметкерлер вахта режимі бойынша жұмыс істейтінін атап өткен: 28 күн жұмыс істеп, 14 күн демалады. Артынша компания басшылығы қызметкерлердің талабын жартылай орындауға дайын екені хабарланды. Яғни компания қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға көтеруі мүмкін. Алайда қызметкерлер олардың талабы толық орындалмай тарқамайтынын жеткізген.

"KKC-Sicim" ЖШС Бөрлі ауданы Пугачев ауылында орналасқан, онда 3000-ға жуық адам жұмыс істейді. "Мой ГОРОД" мәліметінше, соңғы рет компанияда жалақы 2022 жылдың ақпан айында 8,5 пайызға көтерілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети