30 маусым 2014 15:48

"Болашақ" бойынша оқуға түскен қазақстандық қарызға белшеден батты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Болашақ" бағдарламасы бойынша Жаңа Зеландияға оқуға түскен қазақстандық студент үлгерімінің төмендігіне байланысты ЖОО-дан шығарылған, енді ол 20 млн теңгеден астам айыппұл төлеуі тиіс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облыстық сотына сілтеме жасап.

2011 жылдың желтоқсан айында маман даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен студент "Болашақ" бағдарламасы бойынша халықаралық стипендиядан айырылған, ол оқуды ұйымдастыруға кеткен барлық шығынды міндетті түрде өтеуі тиіс. 

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ сотқа жауапкерден "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде оқуды ұйымдастыру туралы 2006 жылғы келісімшарт бойынша 20 924 270 теңге қарызды өндіріп алуға арызданған. "Медиативті келісімнің шарттары бойынша жауапкер арызданушыға 20 526 462 теңге төлейді, орташа есеппен 2029 жылдың мамыр айына дейін ай сайын 114 мың теңге төлейтін болады", - делінген таратылған хабарламада. Бұл іс бойынша азаматтық өндіріс тоқтатылған.

Бұған дейін биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша 1100-ден астам стипендия тағайындалатыны хабарланған еді. Оның 201-і берілді, шәкіртақының 50%-ы іс-тәжірибеден өту бағдарламалары бойынша, тағы 50%-ы магистратура бағдарламалары бойынша тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети