Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Болашақ" шәкіртақысы тағы 800 адамға беріледі

19 Маусым 2014, 14:03
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Биыл "Болашақтың" тағы 800 шәкіртақысы табыс етіледі. Бұл туралы "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Ғани Нығыметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің азаматтарға 201 шәкіртақы берілді, оның 50%-ы - машықтану бағдарламалары, тағы 50%-ы магистратура. Келесі конкурстық кезең маусым айының соңында басталады. Бір ай бойы 31 шілдеге дейін тағы құжат қабылдайтын боламыз. Тамыз айында кезекті отырыс өткізіп, шәкіртақының тағы бір тобын тағайындаймыз. Биылға 1100 стипендия бөлінген, яғни біз тағы 800 шәкіртақыны табыс етеміз", - деп хабарлады Нығыметов.

"Халықаралық бағдарламалар орталығының" президенті биыл үміткерлерді іріктеу ережесіне кейбір өзгерістер енгенін еске салды. Оның айтуынша, биылдан бастап, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері де магистратура бағдарламаларына өтініш білдіре алады. Оларға ағылшын тілінде тілдік дайындық қарастырылған. Биыл  докторантура үшін spli PhD жүйесі енгізілген. Ол Қазақстанның жоғарғы оқу орнында дайындықты және шетелдік ЖОО-да зерттеу жүргізуді қарастырады. Мұны тәмамдаған докторант екі диплом алады. Нығыметовтің айтуынша, биыл мұндай жүйе Назарбаев Университеті базасында енгізілді, келер жылдан бастап, өзге ЖОО-ларға да таралатын болады.

Нығыметов аймақтармен белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты. Биыл E-gov пен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тапсырылған құжаттар рекордтық көрсеткішке жеткен. Бүгінде үміткерлер құжат тапсыру үшін Астанаға келмейді.

Еске салайық, жуырда ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен шетелде маман даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткен болатын. Онда 201 үміткерге "Болашақ" стипендиясы тағайындалғаны хабарланды. 

Мұның алдында 2014 жылдан бастап, бұл бағдарлама бойынша шет тілін білудің шектік деңгейі магистратура үшін 3-тен 4 балға дейін, резидентура мен докторантура үшін 5 балға дейін көбейтілгені хабарланған еді. Сонымен бірге, тіл курстарын оқуға ұсынылған шетелдік ЖОО-лар мен ұйымдардың тізімі қайта қаралды. 2014 жылы бұл тізімнен 8 университет алынып тасталып, 17-сі жаңадан қосылды. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай