Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

201 адам "Болашақ" шәкіртақысының иегері атанды

18 Маусым 2014, 19:55
0
©Тengrinews.kz  архивінен алынды
©Тengrinews.kz архивінен алынды

201 адам халықаралық "Болашақ" шәкіртақысының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып. 

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің басшылық етуімен бүгін мамандарды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. 

"Отырыс барысында "Болашақ" шәкіртақысын тағайындау, шәкіртақыдан шеттету мәселесіне қатысты қаттамалық тапсырмаларды орындау мәселесі талқыланды. Сондай-ақ комиссияға әр жақтан түскен ұсыныстар да қаралды. Комиссияның шешімі бойынша 201 адам "Болашақ" шәкіртақысының иегері атанды", - делінген хабарламада. 

Отырыстың қатысушылары шетелге тәжірибе алмасуға жіберілген жұмысшылардың санатын анықтау үшін комиссияның нақты қандай қызмет атқаратынын да сөз етті. Білім және ғылым министрлігіне нормативтік, құқықтық базаға тиісті өзгерістер енгізу жүктелді. 

Бұған дейін 2014 жылы шетелдік жоғары оқу орындарында магистратура оқу үшін немесе тәжірибе алмасу үшін жіберілетіндердің ағылшын тілін білу деңгейі жоғарлатылғаны хабарланған болатын. Үміткерлер  IELTS бойынша барлығы 9.0 балдың бұрынғыдай 3.0 балын емес 4.0 балын жинауы тиіс, резидентура мен докторантура үшін кемінде 5.0 балл болу керек. Сондай-ақ қазақстандық мамандар тіл үйрену үшін жіберілетін шетелдік жоғары оқу орындарының және түрлі ұйымдардың тізімі қайта қаралды. 2014 жылы бұл тізім 17 оқу орнымен толықса, 8 -і тізімнен алынып тасталды. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай