22 желтоқсан 2023 15:31

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің жаңа тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия шешімі бойынша, 167 қазақстандық халықаралық стипендия иегері атанды. Оның ішінде 131 адам магистратурада, 4 адам докторантурада оқиды, 32 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі.

Бұл ретте стипендиаттардың басым көпшілігі инженерлік-техникалық бейін бағыттары бойынша даярлықтан өтеді. Оқыту 66 мамандық бойынша жүргізіледі.

"Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" Жолдауында Мемлекет басшысы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және агроөнеркәсіптік кешен, геологиялық барлау, IT-сектор, креативті индустрия және т. б. үшін кадрлар даярлау жөнінде тапсырмалар берді. Бұл бағыттар сұранысқа ие және өзекті, біз үміткерлер санын көбейту, шәкіртақы алу және осы бағыттар бойынша мамандарды дайындайтын ЖОО іздеу жұмыстарын жүргіздік", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ басқарма төрайымы Әлия Оспанова.

Үміткерлер University of Aberdeen, University of Illinois at Urbana-Champaign, Australian National University, University of Oxford сияқты әлемдік рейтингтер қатарына кіретін жоғары оқу орындарына түсті. "Ақпараттық технологиялар және жүйелер", "Үлкен деректерді талдау", "Құрылыс инженериясы" және "Геология. Тау-кен ісі. Геодезия" сияқты мамандықтар үміткерлердің үлкен қызығушылығын тудырады.

Сондай-ақ, шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссияның шешімімен 481 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту үшін грант иегері атанды. Стипендиаттар 9 бағыт бойынша зерттеулер жүргізеді: инженерлік ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық сала, агроөнеркәсіптік кешен, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, білім, медицина, өнер.

Тізімді мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети