1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Болашақтағы білім беру және балаға мамандық таңдауға көмектесу. Тәжірибелі ата-аналарға кеңес27 тамыз 2020, 10:59

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында EdGravity компаниясының басшысы Айгерім Хафизова болашақ білім берудегі трендтер туралы айтады. Сондай-ақ сарапшы мамандықты таңдау жолдарын түсіндіреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жобаның бас серіктесі - KCELL компаниясы. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Қонақтар тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Эфир аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі.

Бүгін, 27 тамыз сағат 20:00-де Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасында спикер "Балаға не үйрету керек: болашақтың білімі" атты тақырыпта әңгіме өрбітеді.

Айгерім Хафизова ағылшын, орыс, қазақ және француз тілдеріндегі 55-тен аса онлайн-курстың авторы. Edgravity-дің онлайн бағдарламасынан 80 елден 7 мыңнан аса адам өткен. 

Сарапшы түрлі елде TechCamp бойынша онлайн-оқыту бойынша тұрақты түрде шақырту алып тұрады. Ол Қазақстанда жастарды жұмыспен қамту және кәсіби даму бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс істеді, АҚШ-тағы әйгілі Udemy платформасы негізінде онлайн-оқыту трендтерін зерттеген. 

Айгерім Хафизова білім беру менеджменті және Muskie (АҚШ) бойынша Fulbright бағдарламасының түлегі, сондай-ақ Google/Incorporated қашықтық оқыту бойынша кеңесші.

Жүргізуші - журналист, тележүргізуші Махаббат Есен. 

Сұхбат үзіндісін Tengrinews.kz сайтынан оқып, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тыңдай аласыз. i-balaqai жобасы аясында подкаст, пайдалы мақалалар мен видеолар шығады. 

Сондай-ақ видео-сұхбатты Tengri-TV-дің YouTube-арнасыннан және Tengrinews.kz-тің Facebook желісіндегі парақшасынан көруге болады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Алматыда митинг өтті