Болат Бақауовтың денсаулығы нашарлады - сот

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Бақауовтың денсаулығы нашарлады - сот

Соттағылар Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпа шарасын өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соттағылар Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпа шарасын өзгертуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер экс-әкімнің денсаулығы нашарлауына байланысты осындай шешімнің қабылданғанын айтады.

Сот мәліметінше, Бақауов қамау уақыты кезінде өзін нашар сезінген.

Еске салайық, мұның алдында Болат Бақауовтың үй қамауына алынғаны хабарланған болатын.

17 қаңтарда соттың үкімімен Бақауов екі айға қамалған болатын. Ал оған дейін Бақауовтың лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін күдікті екені хабарланған болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда қылмыстық іс бойынша жедел тергеу іс-шараларын өткізген еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети