19 ақпан 2020 17:28

Бақауовқа телефон қолдануға және қонақ шақыруға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үй қамауына алынған Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа телефон арқылы сөйлесіп, қонақ қабылдауына тыйым салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Үй қамауына алынған Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауовқа телефон арқылы сөйлесіп, қонақ қабылдауына тыйым салынды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бұған дейін экс-әкімге қатысты қамауға алу туралы бұлтарпа шарасы үй қамауына өзгертілген:

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілген кезде ғана үйден шығуға, телефон арқылы сөйлесуге, байланыс құралдарын пайдалануға, күдіктімен бірге тұратын адамдардан басқа қонақтарды қабылдауға тыйым салынады. 

Павлодар облыстық сотының мәліметінше, Бақауов пен оның үйіне бақылау камерасы орнатылған. 

Бұған дейін Болат Бақауов экс-әкімнің денсаулығы нашарлауына байланысты үй қамауына алу шешімі қабылданғанын айтқан. Сот мәліметінше, Бақауов қамау уақыты кезінде өзін нашар сезінген.

Сот экс-әкім Бақауовқа қатысты үй қамауына алу туралы санкция шығарды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети