Болат Кальянбеков "Алматы" телеарнасын басқаратын болды

05 Наурыз, 12:19
0
Болат Кальянбеков "Алматы" телеарнасын басқаратын болды - Болат Кальянбеков. Фото:facebook.com/bolat.smi
Болат Кальянбеков. Фото:facebook.com/bolat.smi

Жоғарғы соттың бұрынғы баспасөз хатшысы Болат Кальянбеков "Алматы" телеарнасының бас директоры қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін телеарнаны Әлібек Әлденей басқарған болатын. Ол бұл қызметте 2015 жылдың қазанынан бері жұмыс істеді. Болат Кальянбеков "Алматы" телеарнасының директоры болып 2019 жылдың ақпанында тағайындалған. Ол 2014 жылдан бері Жоғарғы соттың баспасөз қызметін басқарған еді.

"Бүгін Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жиналыс өткізді, мұнда судьялар мен жоғарғы сот органының қызметкерлері Болат Кальянбековтың Жоғарғы сот баспасөз хатшысы қызметіндегі жемісті еңбегін атап өтті. Абай Рахметулин оның басқа жұмысқа ауысқанын - "Алматы" телеарнасының бас директоры болғанын хабарлады", - деп жазды ҚР ЖС қызметкері Гүлмира Мұханбетжанова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай