10 қаңтар 2023 17:21

"Бомба бар". Астана әуежайын дүрліктірген жолаушыға үкім шықты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматқа қатысты айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының Есіл аудандық №2 соты терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан азаматқа қатысты айыптау үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот мәліметінше, өткен жылдың 8 қазанында ішімдікке мас күйде болған азамат Ғ. ұшақта отырған кезде бортсерікке пакетінде бомба барын айтқан. Астана қаласының құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру шарасы барысында әуекемесінен қандай да бір жарылғыш зат табылған жоқ. Осылайша, аталған азаматтың терроризм актісі туралы жалған хабар бергені анықталды.

"Сот барысында азамат Ғ. кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді және зардап шегушілердің бәрінің шығынын өз еркімен өтеп берді. Сот күдіктінің кәмелетке толмаған екі баласы барын, кінәсін мойындағанын, шығынды өтегенін - жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.

Жалпы, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабында мұндай қылмыс орташа ауыр санатына жіктелген. Бап санкциясында айыппұл түріндегі жаза, түзету жұмыстары және бес жылға бас бостандығынан айыру немесе бас бостандығын шектеу көзделген.

Нәтижесінде сот азамат Ғ.-ға үш жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети