Бомбалау басталғанда қатты қорқатынбыз

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
allday.ru allday.ru

Соғыс басталғанда, мен он төртке толмаған едім. Новгород облысындағы эстон ауылында тұрдым. Ерте жетім қалып, бізді ағаммен бірге апамыз тәрбиеледі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Соғыс басталғанда, мен он төртке толмаған едім. Новгород облысындағы эстон ауылында тұрдым. Ерте жетім қалып, бізді ағаммен бірге апамыз тәрбиеледі.

1941 жылдың 22 маусымындағы сол жексенбіде апам екеуміз орманға отын дайындауға кеткенбіз, қайтып келгенімізде, азық-түлік дүкенінің жанында ауылдың барлық дерлік тұрғыны жиналып тұр екен, радио арқылы соғыс басталғанын хабарлады... Келесі күні әскерге ер адамдарды шақыру басталды. Көп ұзамай бомбалау басталды.

Әуелі "Әуе дабылы" деп хабарлайтын, соны ести сала бәрі жертөлелерге жүгіретін. Бомбалау кезінде қатты қорқатынбыз. Бомбалау тоқтағанда "Отбой" деген бұйрық берілетін. Барлығы жасырынған жерінен шығып, үйлеріне қарай бет алатын, бірақ үйі аман қалды ма, жоқ па – белгісіз еді.

Ауылға майдан шебі жақындай бастағанда, халықты эвакуациялау басталды. Ауыл тұрғындарының бәрін екі қабатты жүк вагондарына тиеп, шығысқа қарай алып кетті. Вагонда буржуй пеші болды, бірақ соған қарамастан, суық еді. Теміржол вокзалдарында "қайнаған су" деген жазуы бар көрсеткіштер тұратын, сол жерден бәрі бидон, шәйнек, кастрюль – кімде не бар соған су жинап алатын. Сол вокзалдарда "Мәйіттерді қабылдау" деген жазуы бар сарайлар да болатын… ол кезде қалыпты саналатын бұл жазулардың өзі қорқынышты еді.

Эшелондарда адамдар жиі қайтыс болатын, менің апам да солай көз жұмды. Кейін біз ағам екеуміз жолымызды жалғастырдық. Жолда да бомбалау болды. Кейде тәулігіне небәрі 20 шақырым ғана жүретін едік. Шығыстан батысқа бет алған әскери пойыздарды өткізіп қарап тұратынбыз. Бір уақытта азық-түлік таусылып, ашыға бастадық. Пойыз Красноярскіге дейін жүрді. Петропавл станциясында перронда бәліш сатып жатқанын көрдік. Осы жерде аш қалмайтынымызды сезіп, бұл жердің "нан өлкесі" екеніне сендік. Ауылымыздан аман қалғандар осы жерге тұрақтады.

Қалалық теміржол клубында эвакуациялық пункт орналасқан еді. Бізді өте жақсы қарсы алып, жуындырып, фойеге әр адамға таза төсек-орны бар кереует дайындап қойған. Күніне үш рет тамақтандырды. Үшінші күні ауылымыздың тұрғындарын заттарымен бірге сыртқа шақырып, Петропавлдан 11 шақырым жердегі Бескөл ауылына жүк көлігімен апарды. Сол жерде үйлерге бөліп орналастырды. Ағам пошта бөлімшесінің бастығы, ал мен хат тасушы болып жұмыс істедім. Эстонша атым айтуға қиын болған соң, бәрі мені Маруся деп атайтын. Ауыл ішінен өткенде балалар шұбырып соңымнан еріп: "Маруся апай, бізге хат бар ма?" – деп сұрайтын. Мен: "Сендерге хат жазып жатыр", – деп жауап беретінмін. Сауаты жоқ әжелерге майданнан келген хаттарды оқып беріп, олардың атынан жауап хаттар жазатынмын.

Ол кезде Қазақстандағы Бескөл ауылына Кеңес Одағының әртүрлі ұлт өкілдері эвакуацияланды. Қазақтар, орыстар, эстондар, украиндер, шешендер – бәріміз бір отбасыдай тату-тәтті өмір сүріп, бір-бірімізге көмектесіп тұрдық. Ұрыс-керіс те, ұрлық та болған жоқ. Бәріміз Жеңіс үшін бірге еңбек еттік.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.06  course down  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer