24 сәуір 2020 | 21:34

Босанудан кейінгі депрессиядан қалай арылуға болады? i-balaqai жобасында психолог Ирина Млодик

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология ғылымдарының кандидаты, экзистенциалдық бағыт бойынша психолог, гештальт-терапевт Ирина Млодик әйел адамдарға босанудан кейінгі депрессиядан қалай шығу керегін түсіндірді. Сарапшы баланы толыққанды отбасыда тәрбиелеудің маңызын және әйел адам "ананың" да, "әкенің" де ролін атқара алмайтынын айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 


Иконка комментария блок соц сети

i-balaqai жобасының жаңа шығарылымында психология ғылымдарының кандидаты, экзистенциалдық бағыт бойынша психолог, гештальт-терапевт Ирина Млодик әйел адамдарға босанудан кейінгі депрессиядан қалай шығу керегін түсіндірді. Сарапшы баланы толыққанды отбасыда тәрбиелеудің маңызын және әйел адам "ананың" да, "әкенің" де ролін атқара алмайтынын айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан тамашалай аласыздар. Артынша сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көре аласыз. 

Психологтың айтуынша, ата-ана баласына махаббатын білдіре алмауының екі себебі бар. Біріншісі, психиатриялық ауытқу бар болған жағдайда. 

"Олар махаббатын жаман адам болғандықтан емес, психика нашарлаған кезде көрсете алмауы мүмкін. Не біз балаға ашуланып, шаршап тұрған кезде жақсы көретінімізді көрсете алмауымыз мүмкін. Бұл кезде махаббаттың сезілмеуі - балаларды жақсы көрмейміз деген сөз емес. Бұл - заңды құбылыс, сабырға келіп, демалып алғаннан кейін, махаббатымызды білдіре бастаймыз. Ол - табиғи құбылыс", - дейді психолог.

Сарапшының айтуынша, бала махаббатты сезінуі үшін оны күніне 5-6 рет айтудың қажеті жоқ, бастысы оны жеткізе білу керек: қызығушылық танытып, құрметтеу керек. Мәселен, қатты ашуланып тұрған кезде, сабырға келіп, баламен сөйлесіп, одан кешірім сұрау керек. 

"Егер анасы балаға "Мен сені жақсы көремін" деп айтып алып, әр бес минут сайын оған тіл тигізетін болса, бала анасының махаббатына күмән келтіріп, оның сөзіне сенбеуі мүмкін. Егер бала "Анашым, сен мені шынымен жақсы көресің бе?" деп сұраса, оған неліктен ондай ой келгенін ойлану керек. "Қалайша олай айттың? Мен саған бәрін бердім ғой. Анаңа бұлай сөйлеуге қалай дәтің барды?" деп ашуланбау керек", - дейді Ирина Млодик. 

Сарапшы бала тәрбиелеуде ересектер баланың не қалайтынын сұраудың орнына, өздерінің тәжірибесіне, бала күнгі ренішіне сүйеніп басқаруы мүмкін. Мысалы, кейбір аналар қызын не ұлын бала күнінде өзі барғысы келген үйірмеге апаруы мүмкін. Психологтың айтуынша, мұндай жағдайда бала өзін шынайы көрсете алмайды. 

"Бала босанған кезде ол туған баламыз болса да бейтаныс болып көрінуі мүмкін. Іштегі бала мен өмірдегі өз балаңа қатысты мәселені қозғаған кезде, шын мәнінде көп нәрсе беруге тырысамыз. Біреуі түскі асқа бес түрлі тағам әзірлесе, бірі түрлі үйірмеге апарады. Бірақ бізге "Бәлкім бұл үйірмеге кезінде өзім барғым келген шығар? Бәлкім ол асқа кезінде қолым жетпегеннен болар?" деген сұрақ қоюға қорқамыз", - дейді психолог. 

Егер әйел адамда баланы сүйіп, оған қамқорлық жасау инстинкт түрде қалыптасатын болса, ер адамның балаға деген махаббаты тәрбиелеу кезінде оянады. Одан бөлек, босанудан кейінгі депрессия деген құбылыс бар. Ирина Млодик бұл туралы әңгіме кейінгі кездері көп қозғала бастағанын айтады. 

"Бұрын ол тек төсектен басын көтере алмай жатқан әйел болатын, ол өзін кінәлі сезінетін, оны айналадағылар кінәлайтын. Барлығы "Не болды? Сен нашар анасың ба? Тұр да істе" дейтін. Бүгінде біз босанудан кейінгі депрессия физиологиялық түрде болатынын көріп отырмыз. Себебі босанған әйелдің организміне гормондар әсер етеді. Әсіресі ол бірінші бала болса. Екіншіден, балалар біздің өмірімізді түбегейлі өзгертетінін түсінуіміз керек. Әйел адам оған дейін белсенді өмір сүрді, спортзалдарға барып, достарымен кездесетін. Сәбиі оны толығымен жаулап алады: оны емізіп, жаялығын ауыстыру керек", - дейді Ирина Млодик. 

Сарапшы әйел адамның өмірінің түбегейлі өзгеруі оның өкінуіне, қажып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін. 

"Ол бұған қуануы керек. "Бұл - бақыт" деп ол өзіне де, оған айналасындағылар да айтады", - дейді маман. 

Ирина Млодик осындай күйде жүрген әйелдер: "Бұл - қалыпты өзгеріс. Маған үйренісу керек, бірақ қиын болады. Мен толқып, абыржып, бұл күйден шаршайтын боламын" деп қайталауы керегін айтады. 

"Ешқашан өзіңізді ұрсып, кінәламаңыз. Сізде босанудан кейін депрессия болып жатқанына сіз кінәлі емессіз. Ең алдымен өзіңізді қолдаңыз", - дейді Ирина Млодик. 

Депрессия белгілері байқалғаннан кейін маманға жолығу керек. Егер ол мүмкін болмаған жағдайда көбірек ұйықтап, жақындарыңыздан көмек сұраған жөн. 

"Егер босанудан кейінгі депрессияның күші қатты болса, баланы емізуден бас тартып, антидепрессант қабылдай бастау керек. Иә, балаға ана сүті керек. Бірақ ананың денсаулығы жақсы болғаны маңыздырақ. Депрессия деген не? Ол жиналып қалған сезімдер", - дейді психолог. 

Ойындағысы шынайы өмірде мүлде басқаша болып шыққан әке туралы да ұмытпаған жөн. 

"Ол сәби, оның кішкентай аяқтары, бақытты әйелін елестеткен болуы керек. Шын мәнінде басқаша болуы мүмкін - ұйқысыз түндер, әбден шаршап тозған әйелі, берекелі қарым-қатынас мүлде жоғалып кеткен. Әке де бұл жағдайда депрессияға түсуі мүмкін", - дейді эфир қонағы. 

Ирина Млодик әйел адам бала тәрбиелеуде "әке" ролін атқара алмайтынын айтады. Әркімнің арнайы ролі бар. Ер адам көбіне балаға шектеу қоюға, стратегияға жауап береді. 

"Баланы жалғыз тәрбиелеуге шешім қабылдаған әйел адамның қолынан ол роль келетінін, бірақ ол сәтсіз болатынын түсінуі керек. Одан бөлек, бұл әйел адамға артылатын жүк ауыр болады. Егер сізде таңдау болса, баланы жұп болып тәрбиелеген дұрыс. Әкесі "болмайды" деп айта алады. Әкенің міндеті - бала тәрбиесіне, стратегияға, оның болашағына жауап беру. Сондықтан әкелер анаға қарағанда балаға баға беруде көбірек қызығушылық танытады. Мәселен, "Бүгін қандай баға алдың? Қандай институтқа түспексің?" деген секілді", - дейді Ирина Млодик. 

Психологтың айтуынша, әйел адам көбіне ішкі жайлылық пен баланың жағдайына жауап береді. 

Ирина Млодиктің сөзінше, баланы 7 жасқа дейін интернеттен аулақ ұстаған дұрыс. Жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторы дайындаған сұрақтарға жауап берген психологтың ойынша бала мектепке барған сәттен Желіні қолданудың артықшылығы мен кемшілігін түсіндіру қажет. 

"Қазір уақытымыздың көп бөлігін Желіде өткіземіз. Мен төтенше жағдай кезінде қашықтан жұмыс істеп, электрон хаттарға жауап беремін, әлеуметтік желіде маған жиі жазады. Әлеуметтік желі, іздеу жүйелері - ол, әрине, ыңғайлы. Меніңше, Желі біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. Тез арада билет сатып алып, саяхатқа шыға аламыз. Бұл менің жас кезімдегі жағдайға қарағанда өте ыңғайлы", - дейді спикер. 

Тікелей эфирдің видеосын TengriTV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz парақшасынан және "ВКонтакте" желісінен көре аласыздар. Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті.

i-balaqai жобасының келесі шығарылымын 26 сәуір сағат 20:00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында және Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети