27 сәуір 2020 20:00

Ер адамның отбасыдағы әке, аға, бала ретіндегі ролі. i-balaqai жобасында блогер Ержан Есімханов

ПОДЕЛИТЬСЯ

i-balaqai жобасының кезекті шығарылымында қазақстандық заңгер, блогер Ержан Есімханов балаларына тәрбие берудегі құпияларын бөлісті. Алты жасар егіздің әкесі балалармен сөйлесуге тырысатынын, балаға қол көтеріп жазалауға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 


i-balaqai жобасының кезекті шығарылымында қазақстандық заңгер, блогер Ержан Есімханов балаларына тәрбие берудегі құпияларын бөлісті. Алты жасар егіздің әкесі балалармен сөйлесуге тырысатынын, балаға қол көтеріп жазалауға үзілді-кесілді қарсы екенін айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың жазбаша нұсқасынан үзінді дайындады. 

Еске салайық, Alash Media Group медиахолдингі Montessori Qazaqstan Public Fund-пен бірігіп i-balaqai жобасын қолға алды. Жоба серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы. Қонақтар онлайн режимде тәжірибесін бөлісіп, ұсыныстар мен пайдалы кеңес береді. Тікелей эфирлер аптасына екі рет жүргізіледі - бейсенбі мен жексенбі, сағат 20.00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан тамашалай аласыздар. Артынша сағат 20:30-да Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан және Tengrinews.kz-тің "ВКонтакте" желісіндегі парақшасынан көре аласыз. 

Ержан Есімханов жасы үлкен адамдардың ақыл-кеңесінің маңызы жайлы айта кетті. 

"Анам ағам екеуімізді еңбекке қабілетті етіп тәрбиеледі. 17 жасымда Алматыға барарда анам маған маңызды ой салған. Мен және менің ағама, ол кез нағыз бұзақылық жас болатын: "Тыңдаңдар, сендерге қолымнан келгенше тәрбие бердім. Ары қарай өздерің айналысарсыңдар. Негізін қаладым" деген еді", - дейді блогер. 

Заңгер бала тәрбиелеуде бастысы - өміріне араласпай, арасында қателікке бой алдырып, одан нәтиже шығара білу екенін айтады. 

"Дегенмен жас отбасылар бөлек тұруы керек. Әрине, көп адам келіспеуі мүмкін, дәстүрлі отбасылық тәртіп бар дегендей. Олар сондай мүмкіндік алуы керек. Өз бетінше өмір құрып, тәжірибе жинауы керек. Мұндай жағдайда жанжал да аз болады, оны таныстарымнан да байқадым. Ата-анасымен бірге тұратындарда жанжал жиі болады", - дейді маман.  

"Үлкендердің ақылы - оны талқылау, қабылдап, қабылдамау деген сөз емес. Ол - оны тыңдауың. Ал әрі қарай өзің ойлан. Меніңше, үлкендер бізге ақыл айтқанда біздің солай істегенімізді қалайды. Ұсыныстарын орындап, ойланып, нәтиже шығарып әрі қарай өмір сүру үшін", - дейді сарапшы. 

Ержан Есімхановтың айтуынша, оның туған ағасы ең жақын досы болып кеткен. Одан бөлек, екеуінің жақсы қарым-қатынас орнатуына жас аралығы да әсер еткен екен. Ол өзінің балалары да ағасы екеуі секілді болса дейді. 

"Мен, әрине, басқа да ата-аналар секілді дауыс көтеремін. Мен оларды сындырған тостағанға бола, бүлінген затқа бола, қателескендері үшін ұрспаймын. Мен олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы бұзылғанда дауыс көтеремін. Балаларымды "ойланып істе" деген қағидаға үйретемін. Ал бір нәрсені ойланбай, қате істеген кезде ұрсамын. Айғайлау деңгейінде емес, түсіндіруге тырысамын. Бірақ екінші рет, үшінші рет айтқан соң дауыс көтеруге тура келеді", - дейді блогер. Ержан Есімханның айтуынша, физикалық жаза тиімсіз. 

Есімханов әйелімен отбасыда кім басты адам екенін талқыламайтынын, сондықтан жанұядағы қарым-қатынас үйлесімді екенін айтады. 

"Біз арасында сөзге келіп қалатын қарапайым, бірақ берік отбасымыз. Ол сыйластық пен күнделікті тұрмыстағы тәжірибе нәтижесі. Сен өміріңде бір рет шешім қабылдадың, сол адаммен өмір бойы бірге өмір сүресің. Артық жанжал тудырудың не қажеті бар. Отбасыдағы адамдардың, оның ішінде балалардың көңіл-күйі жақсы болуына жұмыс істеу. Балалар жанжалды өте жақсы түсінеді. Олар бірден әрекет етпеуі мүмкін. Бірақ ол 5-10 жылдан кейін шығады", - дейді блогер. 

Блогер балаларына бірдей тәрби беруге тырысатынын, алайда екі баласы екі түрлі болып өсіп келе жатқанын айтты. 

"Мен қызым үшін тәрбиеші емеспін. Мен - оны бір бөлмеден екінші бөлмеге тасып жүретін роботпын. Қызыма келгенде қолымнан ештеңе келмейді. Ол - мен үшін, әке ретінде, ең басты адам", - дейді эфир қонағы.

Ержан Есімханов жоба серіктесі Altel ұялы байланыс операторының сұрақтарына да жауап берді. Блогердің айтуынша, ол балаларына Желіні үйретуді жұмыс істеуші құрал ретінде жақында қолына алмақ.  

"Оны қадағалау - түсінікті. Мен көп уақытымды қызық дүние іздеуге кетіремін деп айта алмаймын, тек көлікте бірнеше подкаст тыңдайтыным болмаса. Әлеуметтік желі үшін менде арнайы ереже бар, күніне 40 минуттан көп отырмауға тырысамын", - дейді заңгер. 

Тікелей эфирдің видеосын TengriTV-дің YouTube-арнасынан, Tengrinews.kz парақшасынан және "ВКонтакте" желісінен көре аласыздар. Оқырмандар, көрермендер мен тыңдармандар сұхбат үзіндісін Massaget.kz, Zhuldyz FM, Tengri FM радиостанцияларынан тамашалай алады. 

Сондай-ақ подкастты SoundCloudЯндекс.Музыка және ВКонтакте желісінде тыңдай аласыздар.

i-balaqai жаңа жобасының бірінші шығарылымында бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин тікелей эфирде карантиндегі өмірдің қазақстандық отбасыларға қалай әсер ететіні, бұл жағдайды қалай дұрыс қабылдау керегі туралы, ал сихология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу психоанализ институты жанындағы практикалық психология мектебінің директоры, СКОЛКОВО әйелдер қорының президенті Гули Базарова карантин кезінде баламен байланыс орнату туралы ой бөлісті. Сондай-ақ психолог Ирина Млодик босанудан кейінгі депрессиядан арылу жолдары туралы кеңес берді. 

i-balaqai жобасының келесі шығарылымын 30 сәуір сағат 20:00-де Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында және Tengri-TV-дің YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети