Қарақия ауданы әкімі Қыдырберді Беков пен "Tethys Aktau IV" ЖШС компаниясының бас директоры Арман Ниязбеков өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты – Қарақия ауданының аумағында этноауыл жобасын іске асыру. Меморандумға сай инвестор – "Tethys Aktau IV" ЖШС компаниясына бірқатар негізгі міндеттер жүктелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, инвестор жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартып, қонақ үй және мейрамхана ісі бойынша қызмет көрсету саласында мамандар даярлау және оқыту курстарын өткізу міндетін мойнына алды.
Сонымен бірге, шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жергілікті кәсіпкерлер және ауыл азаматтарымен (тауар, ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілермен, қолданбалы өнер, қолөнер шеберлерімен және т.б.) шарт жасасуды көздейді. Этноауылдан Бозжыра шатқалына дейін туристерді жеткізуде жергілікті тұрғындардан түйе, жылқы жануарларын жалға алу жайын қарастырады.
Бұдан бөлек, инвестор ұлттық қолөнер бұйымдарын жасайтын тұрғындардың өнімдерінен жәрмеңкелер ұйымдастыруға және оларды сатуға арналған арнайы орындарды бөлуі қажет.
Сондай-ақ, инвестор ұлттық тағамдарды ас мәзіріне қосу, қолөнер шеберлеріне, тігінші дизайнерлерге, суретшілерге және өзге де шығармашылық өкілдеріне арнайы алаңдар бөледі.
Инвестор этноауыл қызметкерлерінің бірыңғай киімдерін ою-өрнектерді қоса отырып, ұлттық нақышта әзірлеу мүмкіндігін қарастыруды міндетіне алып, қазақтың киіз үйін насихаттау, туристерге таныстыру мақсатында киіз үйлер тігу үшін арнайы орын бөлу мүмкіндігін қарастырады.
Инвесторға этноауыл жобасын жүзеге асыруда экоортаға - флорасы мен фаунасына, топырақ қабаттарына, жануарлар әлеміне залал тимеуін ескере отырып, мәдени туризмді дамыту міндеттеледі.
Сонымен қатар әкімдік этноауыл жобасын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруды, инженерлік-инфрақұрылымдық желімен қамтамасыз етілуін бақылауды міндетіне алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!