26 маусым 2015 18:05

Бозымбаев БАҚ өкілдеріне бопсалау ісіне байланысты тіл қатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қанат Бозымбаев. ©Pavon.kz Қанат Бозымбаев. ©Pavon.kz

Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкинның тарапынан бопсалау ісі бойынша ақпарат құралдарына қарата сөз айтты. Ол осы іске байланысты тұжырым жасауға асықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкинның тарапынан бопсалау ісі бойынша ақпарат құралдарына қарата сөз айтты. Ол осы іске байланысты тұжырым жасауға асықпауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай өтінішті Қанат Бозымбаев тілшілерге БАҚ жұмысшыларының кәсіби мерекесі қарсаңында өткен кездесуде айтты. "Біріншіден лауазымды тұлға болғандықтан, екіншіден тергеуде жәбірленуші тарап болып танылғандықтан және заң ісі болғандықтан бұл іс маған тәуелді емес. Алайда тергеу аяқталғаннан кейін барлық сұраққа жауап беруге уәде беремін. Бірақ, айтқым келетіні - қандай да бір тұжырым жасауға асықпаңыздар, біреу-міреуді айыптаудан бұрын және айтудан бұрын сот шешімін күтіңіздер, себебі ертең біз бәрібір бірге өмір сүреміз, көрісеміз", - деді Павлодар облысының әкімі тілшілермен кездесуде.

Қанат Бозымбаев бопсалау бойынша айыпталып отырған Ярослав Голышкиннің қылмыстық іске қатысы жоқ екенін дәлелдей алады деп үміттенеді. "Мен үшін сіздердің әріптестеріңіз Ярослав Голышкиннің бұл іске қатысы бар екені жағымсыз тосын сый әрі таңғалатын жағдай болды, меніңше, бұл оқиға ең бірінші мен үшін жағымсыз болуы керек шығар. Тергеу кезінде және іс сотқа дейін жетсе ол ақталып шығады деп үміттенемін", - деді Бозымбаев.

Еске салайық, 16 мамырда Павлодардың №2 қылмыстық соты "Версия" газетінің редакторын Павлодар облысының әкімінен ірі көлемде ақша бопсалау бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды. Кейін редакция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Олардың айтуынша, бір ай бұрын тілші ҰҚК-ға куәгер ретінде шақырылды. 14 мамырда оның мәртебесі айыпталушыға өзгерді, екі күн өткеннен кейін қамауға алынды. Тілшілердің мәліметінше, газет редакторының қылмыстық іске тартылуына бір бойжеткенді зорлау ісі бойынша журналистік зерттеу себеп болған және осы іске Павлодар облысы әкімінің баласының қатысы бар делінді.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети