07 ақпан 2017 12:31

Бозымбаев Қазақстанда бензиннің не себепті қымбаттағанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының не себепті өскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Республикасының энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин бағасының не себепті өскенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қымбаттаудың бір себебі - бұл екі апта бұрын импорт бензині сатып алынған кезде теңгенің рубльге шаққандағы бағамының өзгеруі. Осыған орай ресейлік бензиннің бағасы өсті. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдан бастап теңге бағамы рубльге шаққанда 20 пайызға әлсіреді. Сол себепті де рубльмен алғанда ондай қымбат емес, ал теңгеге аударғанда біраз қымбатқа түсіп қалатыны анық", - деді Бозымбаев. 

Оның айтуынша, Қазақстанда мұнай тапшылығы болмайды. "Барлық мұнай өңдеу зауыттарымыз жұмыс істеп тұр, барлығы дұрыс. Қажетті мөлшерде өңделіп жатыр, мұнай тапшылығы жоқ және болмайды да", - деді ол. 

Еске салайық, Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин қымбаттады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети