10 қазан 2016 17:36

Бозымбаев: Салық жүктемесін төмендету шаралары мұнай сервисінің әрі қарай дамуына серпін береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметі отырысы кезінде Қазақстанда қабылданып жатқан салық жүктемесін төмендету бойынша бірқатар шаралар мұнай сервисін одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметі отырысы кезінде Қазақстанда қабылданып жатқан салық жүктемесін төмендету бойынша бірқатар шаралар мұнай сервисін одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда еліміздің мұнайсервис нарығында барлығы 160 мың қызметкері бар мыңнан астам түрлі компания жұмыс істейді. Бұған қосымша 76 мың қызметкері бар жер қойнауын пайдаланушы 150 компанияны қосуға болады. Анализ жұмыстарының қорытындысы бойынша, мұнайсервис үлесіне жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алудың жалпы көлемінің шамамен 40 пайызын немесе жыл сайын 1,3 триллион теңгені құрайды. Сервистік қызмет көрсетудің негізгі бағыттары - бұрғылау және күрделі жөндеу, құрылыс, геофизика, жобалау, техникалық қызмет көрсету және сараптама", - деді Қанат Бозымбаев.

Министр мұнайсервис секторын дамыту мұнай саласы дамуының қарқынымен тікелей байланысты екенін айтты. Сондай-ақ, Қанат Бозымбаев саладағы құлдырауға қарамастан, министрлік отандық мұнай сервисі компанияларын мұнай газ саласындағы ірі жобаларға тарту бойынша жұмыстарды жалғастырып жатқанын атап өтті. "Бұл қазақстандық жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуына, елімізге инвестициялардың тартылуына, қазақстандық сервистік компаниялардың кен орындарын игерудің барлық кезеңдеріне қатысуына, бәсекеге қабілетті қазақстандық мұнай сервисі компанияларының пулын құруға мүмкіндік береді", - деді министр.

"Мұнай сервисі жұмыстарын белсендіру үшін жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тартуды ынталандыру қажет. Осы мақсатта министрлігіміз ҚР ҰЭМ жанындағы жұмыс тобының құрамында теңіз жобаларының салықтық жүктемесін оңтайландыру, бір заңды тұлға аясында барлау мен кен алу келісімшарттары арасындағы салық «шекарасын жоюдың» мүмкін тетіктерін қарастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар жұмыс істеп тұрған кен орындары бойынша күші бар келісімшарттарға сәйкес кен алу көлемін арттыру және жаңа кен орындары бойынша геологиялық барлау жұмыстарын белсендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді Энергетика министрі.

Министрдің айтуынша, отандық өндірістің дамуын қолдау мақсатында министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. "Атап айтқанда, ең ірі үш оператормен бірігіп, анализ қорытындысы бойынша Қазақстанда міндетті түрде даму тиіс сұранысы жоғары үздік өнімдердің тізімі және қызметі құрылды. Аталған бастама аясында модульдік конструкция дайындау үшін, фланец және фитингті байланыс өндіру үшін және машина жасау құрылғыларын жөндеуден өткізу үшін кәсіпорындар құрылды", - деді Бозымбаев.

Ол сондай-ақ, компаниялардың сатып алу кезінде және шетелдіктердің қатысуымен мұнай-газ компанияларын сатып алу туралы шағымдар кезінде шамадан тыс орнатылған талаптарға байланысты қиындықтарға тап болатынын мәлімдеді. 

Бұған қоса, ол ұзақ процедурадан өту үшін біліктілік алдында ірі операторларының сатып алу рәсімдеріне қатысты жеткізушілердің шағымдары бар екенін айтты. Осыған байланысты, министрліктің бастамасымен "Алаш" бірыңғай деректер базасы құрылды. Ол уақыт өте келе операторлар деректерінің базасын алмастыруға септігін тигізеді, ал бастапқы кезеңде отандық кәсіпорындардың "бір терезе" арқылы үш операторынан тіркеуге өтуге мүмкіндік береді.

"Ірі жобаларда бәсекеге қабілетті қазақстандық тауарлардың, жұмысының және қызметінің жеткізілімін жүзеге асыру мақсатында министрлік "ерте мерзімді тендерлер" практикасын енгізу және сынақ тапсырыстар жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл келісімшартты елдегі маңызды өнімдердің өндірісін орнату міндетін өз мойнына алатын қазақстандық компания жеңіп алады дегенді білдіреді. Өндіру басталғаннан кейін кепілдендірілген өткізу нарығы бар", - деді Бозымбаев.

Cонымен қатар, министр Қазақстандағы мұнай сервисі мәселелерін талқылау үшін отандық мұнай сервисі компанияларын мұнай-газ саласындағы ірі жобаларға тарту туралы ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылғанын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети