Қазақстандық әлеуметтік желілерде Грузияда елден шығармай жатқанын мәлімдеді. Жағдайға қатысты СІМ пікір білдірді. Бұл туралы брифингте ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін Threads желісінде Қазақстан азаматының жазбасы жарияланған болатын. Ол Грузияға кірерде шекара қызметінің өкілдері оның жүргізуші куәлігін жалған деп мәлімдегенін айтқан. Жазба авторының сөзінше, оның құжаттары алынып, автокөлігі сараптама жүргізу үшін айып тұрағына қойылған.
Сондай-ақ қазақстандық бір аптадан аса уақыт бойы Грузия аумағынан шыға алмай отырғанын, нақты мерзімдер мен түсініктеме ала алмай, тек күтуге мәжбүр екенін жазған.
Бүгін СІМ-де өткен брифингте журналистер Ерлан Жетібаевтан ведомствоның бұл жағдайдан хабардар ма екенін сұрады.
"Мен бұл ақпаратты әлеуметтік желілерден көрдім. Грузиядағы елшілігіміздің мәліметінше, құжаттар расымен де алынған", - деді ресми өкіл.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта грузин тарапы құжаттарды тексеріп жатыр.
"Құзыретті органдар тарапынан Грузия заңнамасына сәйкес тиісті сараптама жүргізіліп жатыр", - деді Жетібаев.
Ол Қазақстан елшілігі жағдайдан хабардар екенін және байланыста екенін айтты.
"Қазір азаматтың өзі ресми түрде жүгінген-жүгінбегенін нақты айта алмаймын, бірақ елшілік жағдайды біледі және азаматпен де, құзыретті органдармен де байланыс орнатқан", - деп толықтырды СІМ өкілі.