Бір қазақстандыққа 773 тұрғын үй нысаны тіркелген: не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір қазақстандыққа 773 тұрғын үй нысаны тіркелген: не белгілі? Фото:depositphotos.com

Қазақстанда бір адамның атына 773 тұрғын үй нысаны тіркелген. Мұндай деректерді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында ұсынды.


"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" (ЖМ БМК) ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, 5 553 113 жеке тұлға тіркелген меншік құқығына ие.

Сонымен қатар олардың басым көпшілігінде, атап айтқанда 4 296 130 адамда тек бір ғана баспана бар. Тағы 934 783 адамның екі пәтері немесе үйі, ал 219 300 адамның үш нысаны бар екені анықталды.

Одан бөлек Қазақстанда бірден бірнеше жылжымайтын мүлік нысанына иелік ететін мыңдаған азамат бар. Мәселен, 82 640 адамның төрттен беске дейін, 17 592 адамның алтыдан онға дейін, ал 1 555 адамның 11-ден 15-ке дейін тұрғын үй нысаны бар.

Ірі меншік иелерінің санаты сирегірек кездеседі. Ресми мәліметтерге сүйенсек:

  • 476 адам 16-дан 20-ға дейін жылжымайтын мүлік нысанына иелік етеді;
  • 489 адам - 21-ден 50-ге дейін;
  • 124 адам - 51-ден 100-ге дейін;
  • 47 адамның меншігінде 100-ден астам тұрғын үй нысаны бар.

Бұл ретте 22 адам 150-ден астам тұрғын үй нысанына, ал 5 адам 500-ден астам нысанға иелік етеді. Қазақстанда мыңнан астам тұрғын үйі бар меншік иелері ресми түрде тіркелмеген.

Бір адамның атына тіркелген тұрғын үй нысандарының максималды саны 773-ті құрайды. Оның ішінде 745 нысан Қостанай облысында, 24-і Солтүстік Қазақстан облысында және 4-і Қарағанды облысында орналасқан.

ЖМ БМК деректері бойынша, барлығы жеке тұлғаларға 5 403 790 тұрғын үй нысаны, ал заңды тұлғаларға 366 770 нысан тіркелген.

Сонымен қатар мемлекеттік корпорация қанша қазақстандықтың мүлдем меншікті баспанасы жоқ екені туралы мәліметтерге ие емес екенін хабарлады. Мұндай мәліметтер ЖМ БМК ақпараттық жүйесінде жоқ.

Сол сияқты, жүйеде кәмелетке толмаған баспана иелерінің саны және балалардың атына ресімделген тұрғын үй нысандарының саны туралы ақпарат қамтылмаған.

Осы жылдың наурыз айында Ұлттық статистика бюросы бір қазақстандықтың атына 1011 пәтер тіркелгенін хабарлаған болатын. Тағы бір меншік иесінің 645 пәтері, ал үшіншісінің 399 пәтері болған. Ол кезде тек пәтерлер туралы сөз болған еді.

Тағы оқыңыз: “Жылжымайтын мүлік біртіндеп инвестициялық активке айналып барады“. Қанша қазақстандықтың баспанасы бар?

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +38
Астана +23
Ақтау +27
Ақтөбе +25
Атырау +30
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +27
П
Павлодар +19
Петропавл +32
С
Семей +36
Т
Талдықорған +31
Тараз +31
Түркістан +29
О
Орал +34
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер