Бір күнде 100 мыңға жуық: Астанадағы LRT алғашқы күндері жолаушылар ағынына тап болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

LRT Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанада LRT-ның алғашқы жұмыс күндерінде жолаушылар ағыны жобалық өткізу қабілетінен асып түсті. Тек соңғы тәулікте жаңа көлік түрін 100 мыңға жуық адам пайдаланған. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астанада LRT-ның алғашқы жұмыс күндерінде жолаушылар ағыны жобалық өткізу қабілетінен асып түсті. Тек соңғы тәулікте жаңа көлік түрін 100 мыңға жуық адам пайдаланған. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Дүйсебаевтың айтуынша, кешегі күннің өзінде LRT қызметіне 100 мыңға жуық жолаушы жүгінген.

"Бұл жобалық өткізу қабілетінен асып түседі. Қазіргі уақытта жолаушылар ағыны екі есе азайды", - деді Дүйсебаев.

Сондай-ақ ол тұрғындарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және автоматтандырылған жүйенің жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды.

"Қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз: аса қажеттілік болмаса, платформалар мен вагондардағы апаттық түймелерді баспауды, құрамдардың есігін өз бетінше ашпауды және олардың жабылуына кедергі жасамауды сұраймыз. Мұндай әрекеттер құрамдардың тоқтап қалуына әкеп соғады", - деп ескертті CTS басшысы.

CTS басқарма төрағасы LRT жүйесі толық автоматтандырылғанын және машинистсіз жұмыс істейтінін, сондықтан кез келген әрекетті жүйе жолаушылар қауіпсіздігіне төнген ықтимал қауіп ретінде қабылдайтынын еске салды.

"Бүгінде ешқандай заңбұзушылық байқалмайды және қозғалыс штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр", - деп толықтырды Асылбек Дүйсебаев.

Мән-жайы

Еске сала кетейік, сенбі күні, 16 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты. Мемлекет басшысы алғашқы жолаушы ретінде "Әуежай" станциясынан "Ұлттық музей" станциясына дейін барды.

Астана LRT-да барлығы 18 станция болады, бағыттар қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтеді. Қоғамдық көлікті одан әрі дамыту мақсатында LRT-ның екінші кезегін іске асыру мәселесі пысықталып жатыр. Атап айтқанда, "Астана-1" вокзалы, "Жағалау" тұрғын алабы, Қосшы қаласы бағыттарында жаңа желілер салу көзделіп отыр. Екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 20 станциямен 26,5 шақырым болады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.69   543.24   6.46 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер