02 сәуір 2021 12:31

"Бір күнде шешілмейді" - Сағынтаев Алғабастағы жолдар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алғабастағы жолдарға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін тұрғындар балшыққа батып жатқанын айтып, шағымданған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алғабастағы жолдарға қатысты пікір білдірді. Бұған дейін тұрғындар балшыққа батып жатқанын айтып, шағымданған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифингте журналистер әкімнен Алғабас тұрғындарына жедел жәрдем қалай жететінін сұрады.

"Тұрғындар 2019 жылдан бері барлығы қазылып жатқанына, электр сымдары ілініп тұрғанына, үйге жете алмайтынына шағымданып жатыр", - деді журналист.

Ал әкім Алғабастағы жағдай бір күнде шешілмейтінін айтты. 

"Бұл аумақтар облыстан қосылғанын білесіздер. Сымдар иә ашық тұр. Олар бізге осы күйде келген. Мұнымен айналыспаймыз деп тұрғам жоқ. Бұл ауылдар салынған кезде, тұрғындар сымды өзі тартқан. Оларды ретке келтіру үшін кешенді жұмыс жүргізу керек, оны істеп жатырмыз.

Барлық Алғабасты электрлендіру үшін ЖСҚ жасау керек, ақша бөлу керек. Ол сымды тарта салу не изолентамен орау емес қой. Бұл инженерлік, үлкен жұмыс. Барлық Алғабас бір күнде ретке келмейді", - деді әкім.

Сағынтаев Алғабастағы қазылған жолдарға да түсінік берді.

"Жолдарға келетін болсақ, бірінші кезекте адамдар орталықтандырылған кәріз жүйесін, сумен жабдықтауды сұрайды, бірақ оны жүргізу үшін қазу керегін түсінесіз ғой. Мысалы, бізде қаланың 23 шағынауданы мүлде ештеңемен қамтамасыз етілмеген. 

Мен Алғабас тұрғындарына бірнеше рет барып, түсіндірдім, бірақ асфальт төсейміз.

Жалпы бізде 2023 жылға дейінгі барлық шағынауданды сумен және кәрізбен қамтамасыз ету міндеті тұр. Оған триллион теңгеге жуық қаражат бөлінді. Бұл аз сома емес және күрделі жұмыс", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін Алматы қаласының Алғабас шағынауданының тұрғындары қала билігіне талаптармен көшеге шыққаны хабарланған болатын. Адамдар балшыққа батудан шаршағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети