13 сәуір 2021 10:23

Бір тәулікте коронавирустан қайтыс болған 24 адамның 11-і - алматылық

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

11 сәуірде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жартысына жуығы Алматыдан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


11 сәуірде коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жартысына жуығы Алматыдан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлер бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың статистикасын шығарды. Тек 11 сәуірде 24 адам қайтыс болған. Оның ішінде Алматыда 11 адам, Ақтөбеде 4 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам. Сондай-ақ, коронавирустан қайтыс болған бір жағдай Шымкент, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелген.

Коронавирус инфекциясынан Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Алматыда бір өлім жағдайы тіркелді.

Айта кетейік, Қазақстанда екінші тәулік бойы коронавирус жұқтыру көрсеткіші төмендегені байқалады. Өткен тәулікте (12 сәуірдегі мәліметтер бойынша) коронавирус инфекциясын жұқтырған 2016 жаңа жағдай тіркелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети