16 қазан 2020 13:03

Бірнеше күнде 400 қазақстандық eGov арқылы өлімнен кейінгі донорлықтан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov арқылы 500-ге жуық адам қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беру немесе бас тарту қызметін пайдаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин eGov арқылы 500-ге жуық адам қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беру немесе бас тарту қызметін пайдаланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз денсаулық туралы кодекстің талаптарын автоматтандырдық, ол бойынша әрбір адам өзінің дене мүшелерін донорлыққа пайдалануға келісім бергенін немесе бас тартқаны туралы мәлімдеуі тиіс. Мұны адамдар ешқайда шықпай, қағаз толтырмай, электрондық үкіметте бір батырманы басу арқылы келісім немесе бас тартқанын білдіру үшін автоматтандырдық.

Бұл қызмет бүрсүгіні ғана енгізілді. Қазірдің өзінде 500-ге жуық өтінім берілді - 60 адам келісті, 400-і бас тартты. Біз адамдарға цифрлық түрде заңнамалық мүмкіндік бердік", - деді министр Сенаттағы үкімет отырысында.

Өлімнен кейінгі донорлық: eGov арқылы бас тартуға немесе келісуге болады

Еске салайық, 13 қазаннан бастап egov.kz порталында қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келісім беру немесе одан бас тартуға арналған онлайн-функция қосылды. 

Өтінішті электронды қызметтер топтарының "Денсаулық сақтау" бөлімінен таба аласыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети